фото: https://www.istockphoto.com/portfolio/SvitlanaHulko
Мереке қарсаңында маңызды ескертуге назар аударайық. Қазақстанның Бас прокуратурасы 8 наурыз қарсаңында алаяқтық деректерінің көбейетінін айтып, азаматтарды сақ болуға шақырды.
Мерекелік қарбалас кезінде алаяқтар гүл мен сыйлыққа тапсырыстың көбейгенін және онлайн төлемдердің артқанын пайдаланып, адамдардың жеке деректері мен ақшасын алуға әрекет етеді.
Ең жиі кездесетін тәсілдердің бірі – гүл немесе сыйлық жеткізу рәсімделгенін айтып, тапсырысты растау үшін телефонға келген SMS-кодты сұрау. Кей жағдайда жалған ұтыс, акция немесе бонус туралы хабарлап, растау кодын айтуды талап етеді. Сондай-ақ өздерін банк қызметкері, қауіпсіздік қызметінің өкілі немесе курьерлік компания қызметкері ретінде таныстыруы мүмкін.
Мамандардың айтуынша, бір реттік SMS-код – құпия ақпарат. Оны бөгде адамға айту банк шотынан ақша шешіліп кетуі ненемесе алаяқтардың сіздің банк қосымшаңызға қол жеткізуіне әкелуі мүмкін. Банктер мен құқық қорғау органдары телефон арқылы мұндай кодтарды ешқашан сұрамайды.
Сонымен қатар әлеуметтік желілерде арзан баға ұсынып, алдын ала төлем талап ететін жалған интернет-дүкендер де көбейеді. Ақша аударылғаннан кейін мұндай парақшалар жоғалып, сатушымен байланыс үзіледі.
Сондықтан гүл мен сыйлықтарды тек сенімді сатушылардан тапсырыс беріп, күмәнді сілтемелерге өтпеу және ешбір жағдайда бөгде адамдарға SMS-кодтар мен банк деректерін бермеу ұсынылады. Күдік туған жағдайда банкке ресми нөмір арқылы хабарласып, қажет болса құқық қорғау органдарына жүгінген жөн.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через