фото: depositphotos.com
Қазгидромет синоптиктері 17, 18 және 19 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Қазақстанда күн жылынады
Болжамға сәйкес, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде күндізгі ауа температурасы біртіндеп жоғарылай береді.
"Алайда елдің солтүстігінде, сондай-ақ оңтүстіктегі таулы аймақтарда ауа райы тұрақсыз болады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі. Республика бойынша тұман түсуі мүмкін", - деді синоптиктер.
Ауа температурасы қандай болады?
Күндіз ауа температурасы елдің батысында 10–15 градусқа дейін, оңтүстігінде 15–20 градусқа дейін, ал солтүстік пен шығысында 3–8 градусқа дейін жылынады.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через