фото: pixabay.com
АҚШ-тың Кент қаласында 20 жастағы студент Кетиа Мопонда дәрігерлер бастапқыда "бірінші сатыдағы тұмау" деп қате бағалаған менингит инфекциясының салдарынан екі аяғынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Mirror басылымының мәліметінше, қыз Лестер қаласындағы Де Монтфорт университетінде небәрі сегіз күн оқыған. Кейін ол ауырып, өзінің жағдайын студенттер арасында жиі кездесетін "тұмау" деп ойлаған.
Алайда көп ұзамай оны жатақхана бөлмесінде ес-түссіз күйде тауып, жедел түрде ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер оған менингококк септицемиясынан туындаған бактериалды менингит диагнозын қойған. Бұл ауыр жағдай сепсиске әкелген. Соның салдарынан дәрігерлер оның екі аяғын және қолындағы барлық он саусағын ампутациялауға мәжбүр болған.
Белгілі болғандай, Кентербери қаласында менингиттің өршуі салдарынан екі адамның қайтыс болғанын естіген қыз қатты күйзеліске түскен. Ол үкіметті университеттермен бірлесіп, менингит туралы ақпараттандыру жұмыстарын күшейтуге шақырды.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через