фото: https://pixabay.com/
Биіктігі 15-20 метрге дейін су бұрқағы болған
Маңғыстау облысындағы Солтүстік-Шығыс Қаратұрын кен орнында ұңғыманы бұрғылау кезінде газ-су қоспасы атқылаған. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Төтенше жағдай 3 наурызда сағат 12:00 шамасында "Солтүстік-Шығыс Қаратұрын" кен орнында болды. Жер қойнауын пайдаланушы – "Бозашы Мұнай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
ТЖД мәліметінше, "Caspian Drilling LLP" ЖШС мердігерлік ұйымы №403 ұңғымада бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде газ-су қоспасы пайда болған.
"Кеше кешке бұл жерге құтқарушылар жіберілді. Қазіргі уақытта қауіпті өндірістік объектіні пайдаланушы ұйымның күшімен, "Ак Берен" кәсіби авариялық-құтқару қызметімен және облыс ТЖД қызметкерлерімен авариялық жағдайды жою үшін дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Зардап шеккендер жоқ. Биіктігі 15-20 метрге дейін су бұрқағы болды. Жағдай бақылауда", - дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінде.
Оқиғаның себептері мен мән-жайлары "Азаматтық қорғау туралы" заңға сәйкес тексеріледі.
Дерек көзі: https://sputnik.kz
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через