фото: pixabay.com
Гүл аламын деп алданып қалмаңыз! Бас прокуратура Халықаралық әйелдер күні қарсаңында алаяқтардың тағы бір айлаға көшкенін ескертеді, деп жазды qazaqstan.tv.
Мамандардың айтуларынша, әккілер атыңызға гүл келіп тұрғанын айтып, растау үшін код жіберуді сұрайды да, шоттағы қаржыны түгел жымқырады. Сондықтан смс-кодтарға жауап бермес бұрын, оны мұқият оқып алу керек.
Алайда, бұл код жібергеннің бәрі алаяқ деген сөз емес. Өзіңіз тапсырыс берген нөмірден хабарласса, кодты қорықпай айта беруге болады, дейді прокуратура.
Тағы бір ескеретін жайт, гүлдер мен сыйлықтарға тек сенімді сатушылардан тапсырыс берген жөн. Өйткені, құзырлы органдардың айтуынша, желіде фейк аккаунттар мен күмәнді сілтімелер көбейген.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через