WhatsApp

Футболдан Қазақстан U-17 құрамасы Еуропа чемпионатына қатысады

Футболдан Қазақстан U-17 құрамасы Еуропа чемпионатына қатысады
фото: Қазақстан футбол федерациясы https://kaz.inform.kz

       Футболдан Қазақстан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасының 2025/26 жылғы Еуропа чемпионаты А лигасына қатысатын ойыншылар тізімі белгілі болды.

       Отандастарымыз А лигасында төртінші топта Чехия, Аустрия және Дания шеберлік байқасады. Бұл кезеңдегі 25-31 наурыз күндері аралығында Данияда өтеді.

       Жарыстың аталған сатысында 28 құрама жеті топта жолдама үшін бақ сынайды.

       Бауыржан Сағындық бастаған жасөспірімдер құрамасы Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Тізімге 24 ойыншы енді:

       Қақпашылар: Никита Килджиев («Шахтер»), Әлихан Шайзада («Шахтер»), Камиль Гайнуллин («Қайрат»).

       Қорғаушылар: Жәнібек Жайлаубек («Шахтер»), Марлен Әміренов, Әлфир Ханафи, Әбди Әлихан, Мансур Авасханов (барлығы — «Қайрат»), Нұралы Азатқазы («Хан тәңірі»), Ислам Рақым («Қайрат»), Мейірлан Балтабаев («Шахтер»), Никита Лисохмар («ҚФФ Академиясы»).

       Жартылай қорғаушылар: Әлихан Жұмабек, Дамир Юсупбеков (екеуі де — «Қайрат»), Ринат Бейбітов («Ақтөбе»), Шәріпхан Шәріпжан («Хан тәңірі»), Әділхан Оспан («Ордабасы»), Арман Ахмет («Жас Қыран»).

       Шабуылшылар: Дигдар Омаров, Расул Әкімов (екеуі де — «Шахтер»), Роман Черноморец («Қайрат»), Расул Досан («Атырау»), Мағзұм Жоламан («Каспий»), Абылай Жылқайдар («Қайрат»), Әнуар Төленді («ҚФФ Академиясы»).

       Отандастарымыз алдымен 25 наурызда Аустриямен кездессе, 28 наурызда Дания, 31 наурызда Чехиямен жасыл алаңға шығады.

       Финалдық кезең 25 мамыр -7 маусым 2026 аралығында Эстонияда өтеді.

      https://kaz.inform.kz/