фото: kogam,kz
Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын және өзге мемлекеттің азаматтығына жататынын дәлелдей алмайтын адамдар азаматтығы жоқ адамдар деп танылады.
«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» заңға сәйкес азаматтықтан айыру тек ерекше жағдайларда қарастырылған.
– Террористік қылмыстарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өмірлік маңызы бар мүдделеріне өзге де ауыр зиян келтірген қылмыстарды жасағаны үшін ғана соттың шешімімен азаматтықтан айыруға жол беріледі, – деп көрсетілген аталған заңда.
Сонымен қатар осы заңнаманың 14-бабына сәйкес азаматтықтан айырылған тұлғалар азаматтығы жоқ адам мәртебесін алып, тиісті куәлік рәсімдей алады. Ел аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстанда туған балалары еліміздің азаматы болып танылады.
Қазақстанда бүгінгі таңда азаматтығы жоқ шамамен 7 мың адам тіркелген.
– Қазіргі уақытта елімізде азаматтығы жоқ 7 мыңға жуық адам есепте тұр, – деп жауап берді ІІМ Kazinform агенттігінің сауалына.
Конституция мен заңдарға сәйкес, егер өзгеше көзделмесе, азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан азаматтарымен тең дәрежеде құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады.
Қазақстанның жаңа Конституция жобасында азаматтық мәселесіне қатысты талаптар күшейтілді. Енді «басқа елдің азаматтығы танылмайды» деген бұлыңғыр ұғымның орнына, «тыйым салынады» деген қатаң норма келеді.
Сонымен қатар былтыр Қазақстандағы халық саны 195 480 адамға өскен.
Бүгінгідей санақ, база, цифр жоқ заманда қазақтар халық санын қалай білген? Көшпелі қоғамда «статистика» деген ұғым болмағанымен, ел өз санын шамалап болса да есептей алған. Бұл жүйе қалай жұмыс істегенін жазған болатынбыз.
https://kaz.inform.kz/
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через