WhatsApp

Астанада дрон-шоу болады

Астанада дрон-шоу болады
фото: https://pixabay.com/

Дрон-шоу 21 наурызда сағат 20:00 мен 21:00-дің аралығында "Қазақ Елі" алаңында басталады

Астанада Наурыз мейрамы қарсаңында дрон-шоу болады. Қала әкімдігі іс-шараның өтетін жері мен уақытын жариялады.

Бұған дейін қалада бірнеше рет дрон-шоу ұйымдастырылған. Осы жолы да шоу негізгі шаралардың бағдарламасына енгізілді.

"21 наурызда сағат 20:00 мен 21:00-дің аралығында "Қазақ Елі" алаңында дрон-шоу басталады. Елорданың аспаны үлкен экранға айналады. Ал қала тұрғындары мен қонақтары қазақ мәдениеті мен салт-дәстүріне арналған анимациялық композицияларды тамашалай алады", - делінген әкімдіктің ресми хабарламасында.

Айта кетері, Астана мен Алматы қалаларында Наурыз мерекесіне орай жүздеген іс-шара өтеді. Үш күндік бағдарламаны мына жерден көруге болады.

Дерек көзі: https://sputnik.kz