WhatsApp

Ақтөбе облысында 100 мыңнан астам жер есепке алынбай қалған

Ақтөбе облысында 100 мыңнан астам жер есепке алынбай қалған
фото: https://pixabay.com/

Жерге орналастыру рәсімдері аяқталғаннан кейін аталған жерлер орман қоры жерлеріне ауыстырылады

Прокуратурамен қабылданған шаралардың нәтижесінде жүз мың гектардан астам орман жері есепке алынды, деп хабарлады бас прокуратура.

Табиғат қорғау прокуратурасы есепке алынбаған аумақты "Қазақстан Ғарыш Сапары" спутниктік мониторинг жүйесінің көмегімен анықтаған. Іс жүзінде ол жер көлемі орманмен жабылған, бірақ есепке алынбаған.

"Прокурорлық ден қою шараларының нәтижесінде Шалқар ауданында 22 мың гектар және Байғанин ауданында 95 мың гектар жер Байғанин орман шаруашылығының қарамағына берілді", - деп жазылған хабарламада.

Жерге орналастыру рәсімдері аяқталғаннан кейін аталған жерлер орман қоры жерлеріне ауыстырылады.

Нәтижесінде облыстың орман қорының аумағы 30 пайызға артып, 254 мың гектардан 371 мың гектарға дейін ұлғаяды, бұл ормандарды қорғау мен сақтауға қолайлы жағдай жасайды.

Дерек көзі: https://sputnik.kz