фото: fkdb.ru
Алматыда алғаш рет ұлттық киіммен мұз айдынында жаппай сырғанау өтеді.
Сіздерді «Алматы Арена», «Халық Арена» және «Олимпик» мұз ареналарында өтетін мерекелік іс-шараға шақырамыз.
18 наурыз күні сағат 16:00-ден 20:00-ге дейін келушілер үшін тегін жаппай сырғанау ұйымдастырылады.
Қатысудың басты шарты — ұлттық киім киіп келу.
Конькиді өзіңізбен бірге алып келуге немесе сол жерде жалға алуға болады.
Кешті достарыңызбен және отбасыңызбен бірге мұз үстінде сырғанап, ерекше мерекелік атмосферада өткізіңіз!
Ұйымдастырушы — Алматы қаласының Спорт басқармасы.
https://almaty.tv/kz/
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через