фото: pixabay.com
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы әлеуметтік желілерде Қаржылық мониторинг агенттігі тарапынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді пайдаланушыларды «жаппай аңду» туралы тарап жатқан негізсіз ақпараттарды анықтады, деп жазды kaz.inform.kz.
Орталық таратқан мәліметтерге қарағанда, іс жүзінде Агенттік ұсынған интернеттегі тыйым салынған контенттің таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі Қағидалар тек ашық әрі жалпыға қолжетімді деректерді (қаржы пирамидаларын жарнамалауға, онлайн-казинолар мен заңсыз лотереяларды насихаттауға қатысты жарияланымдар мен репосттарды) мониторингілеуге бағытталған.
Аталған Қағидаларда азаматтардың жеке хат алмасуына ешқандай мониторинг жүргізу көзделмеген. Бұл туралы Агенттіктің өзі де бірнеше рет ресми түсініктеме берген болатын.
- Осылайша, жеке хабарламаларды «бақылау» туралы мәлімдемелер шындыққа жанаспайды және қоғамды әдейі жаңылыстыру болып табылады, - делінген хабарламада.
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы БАҚ өкілдері мен цифрлық контент авторларын ақпаратты жариялауда жауапты болуға, фактілерді бұрмаламауға және азаматтардың шынайы ақпарат алу құқығын құрметтеуге шақырады.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через