фото: Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі
2026 жылдың 2 сәуірі күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында «Әлем балалар көзімен» атты балалар шығармашылығы көрмесі ашылады, деп хабарлады "Сапалы Қазақстан" порталы.
Көрменің ұйымдастырушысы — «Oqu line» білім беру орталығы. Орталықта кескіндеме және сурет салу, би, шахмат, сондай-ақ түрлі шығармашылық үйірмелер жұмыс істейді.
Аталған көрме қатысушылары: Садырова Айнисам, Антонов Богдан, Оруджева Амира, Нурасбек Нурия.
Экспозицияда жасөспірімдердің дайындаған 30 көркем туындысы ұсынылады. Көрме балалардың қоршаған әлемге деген шынайы да өзіндік көзқарасын, шығармашылық ойлау қабілеті мен даралығын айқын көрсетеді.
«Oqu line» білім беру орталығы 2021 жылдан бері ата-аналардың сүйіспеншілігіне бөленіп, балалардың сүйікті ортасына айналуымен жемісті жұмыс істеп келеді. Оқу үдерісі жеңіл әрі достық атмосферада құрылып, сабақтар міндет ретінде емес, қызықты хоббидей өзіне тартады. Ұстаздар әр баланың қабілетін ашуға көмектесіп, шығармашылық өрісіне жол ашады әрі жоғары нәтиже көрсетуіне ықпал етеді.
Көрмеде ұсынылған жұмыстар – әрбір жас автордың жарқын қиялы, әлемді шынайы қабылдауы мен өзіндік шығармашылық қолтаңбасының көрінісі.
Көрменің мақсаты — балалардың көркем шығармашылығын дамыту мен қолдау, олардың шығармашылық әлеуетін ашу, өзіне деген сенімділігін қалыптастыру, жас суретшілердің өз өнерін паш етуіне мүмкіндік беру, балалар мен жасөспірімдер арасында бейнелеу өнерін насихаттау, қосымша білім беру мен шығармашылық дамудың маңыздылығына қоғам назарын аудару, сондай-ақ «Oqu line» білім беру орталығының талантты оқушыларын қолдау және ынталандыру.
«Әлем балалар көзімен» көрмесі – жас ұрпақтың шығармашылық әлеуетін көрсететін және балалар өнерін қолдаудың маңыздылығын айқындайтын жарқын мәдени іс-шара болмақ.
Көрме 2026 жылғы 8 сәуірге дейін жалғасады
Жұмыс уақыты: 10:00-ден 19:00-ге дейін
Демалыс күні: дүйсенбі
Көрме кураторы: Тимур Шарипов
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через