фото: Ұлттық госпиталь
Әрбір әйел үнемі жас, сұлу болып көрінуді қалайды. Дегенмен, жас ұлғайған сайын бет терісі үнемі күтуді талап етеді. Сол себепті косметолог маманның кеңесіне жүгіну қажет.
Мухаббат Насырова - Ұлттық госпитальдің косметолог- дерматовенерологы. Ол Juvelook-Lenisna PLA негізіндегі өнімдер бойынша ҚР-ның сертификатталған жаттықтырушысы, Global Ambassador Classys, HIFU технологиялары бойынша халықаралық тренер. Білікті маманнан 40 жастан асқан әйелдердің бет күтім жайлы сұраған едік.
-Бұл жастағы бет терісінің күтімі негзінен туындаған мәселелерге байланысты. Оларға әдетте әжімдер, бет контурының өзгеруі, дисхромия және әсіресе гиперпигментация жатады. Бұл жастағы кейбір әйелдерде безеу мен розацея көріне бастайды.Сондықтан, қосымша аурулар мен көрсеткіштерге байланысты кешенді тәсіл медициналық косметологияда аппараттық және инъекциялық әдістерді қолдану қажет. Бұл - бүгінгі күні біздің мүмкіндіктеріміз бен нәтижелерімізді жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді. Қазір медициналық косметология тез дамып келеді, бұл адамдарға пластикалық хирургқа баруды кейінге қалдыруға мүмкіндік береді. Пластикалық хирургияға дайын емес адамдарға қазір жастық пен сұлулықты сақтау және ұзартудың көптеген нұсқалары бар-дейді М. Тұрғанжанқызы. Тері күтіміне әрқашан (тері түріне сәйкес келетін косметиканы пайдалану) кәсіби тұрғыда қарау керек. Мұндайда косметолог маман бет пен денені жасарту үшін алдын алу шараларының кешенді тәсілін ұсынады. Дәрігер анықталған меселелер негізінде тиісті әдістерді таңдайды.
Қазір тері күтіміне арналған түрлі жақпа майлар мен маскалар көп. Қалай таңдауға болады?
-Алдымен теріге қатысты мәселелерге (ылғалдандыру, ағарту, антиоксиданттық терапия және т.б.) бейімделуі керек. Маскалар мен жақпа майлар жұмсақ ылғалдандыруды және терінің біркелкі құрылымын қамтамасыз етеді. Жалпы алғанда терінің қорғаныс тосқауылын нығайтады. Оны дұрыс таңдау және ретімен тұрақты қолдану арқылы сіз әрқашан жақсы нәтижелерге қол жеткізесіз.
Көптеген әйелдер үйдегі қолда бар өніммен маскалар жасайды. Олар қаншалықты пайдалы?
-Бұрын адамдар қияр қабығын, құлпынай, айран, ақжелкен және басқа да тұрмыста бар өнімдерді пайдаланған. Мен оларды пайдалануға кеңес бермеймін себебі, кейбіреулері терінің түріне байланысты тітіркену мен басқа да жағдайлар тудыруы мүмкін. Бүгінгі таңда сұлулық индустриясы теріні тереңірек зерттеп, сол арқылы қажетті әсерге қол жеткізетін әртүрлі инновациялық формулалары бар заманауи өнімдерді шығарып жатыр. Ал маскалар мен жақпа майлар арқылы емдеу қысқа мерзімді және үстірт әсер береді. Өйткені олар теріге терең ене алмайды, дегенмен олар әрқашан ылғалдану мен бет терісінің тегістігін қамтамасыз етеді-дейді М.Насырова.
Ұлттық госпитальдің журналисі Жазира Зәкірқызы
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через