фото: https://www.istockphoto.com/portfolio/bluecinema?
Еліміздің ауылдарындағы ресми жұмыссыздардың саны 162,3 мың адамды құрайды. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-министрдің орынбасары Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның жауабында айтылған.
— Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, 2025 жылғы 4 тоқсанда ауылдарда жұмыс күшінің саны 3,6 млн адам болды, оның ішінде 3,4 млн — жұмыспен қамтылған халық және 1,1 млн — өзін-өзі жұмыспен қамтыған ауыл тұрғындары. Ауылдарда ресми жұмыссыздардың саны 162,3 мың адам. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне шаққанда 4,6 пайыз мөлшерінде қалыптасты, — деді Аида Балаева.
Вице-премьердің дерегінше, 2025 жылы ауылдарда 174,7 мың адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылды. Оның ішінде:
— 107,2 мың адам субсидияланатын жұмыс орындарына орналасты;
— 28,9 мың адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды;
— 28,2 мың адам еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер бойынша онлайн оқумен қамтамасыз етілді;
— халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 5,6 мың адамға жаңа бизнесидеяны іске асыруға 400 АЕК мөлшерінде гранттар берілді;
— 4,8 мың адам жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жіберілді.
https://kaz.inform.kz/
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через