Ақылы медициналық қызмет 17%-ға қымбаттады

Ақылы медициналық қызмет 17%-ға қымбаттады
фото: https://pixabay.com/

2025 жылдың үшінші тоқсанында қазақстандықтар стоматологиялық клиникаларға 33,2% көп ақша жұмсаған

Қазақстанда ақылы медициналық қызмет құны тұрақты түрде өсіп жатыр. 2026 жылдың қаңтарында денсаулық сақтау қызметінің құны 17%-ға артты, бұл көрсеткіш 2025 жылдың қыркүйегінен бері жоғары деңгейде сақталып келеді, деп хабарлады Ranking.kz.

Басқа қызметтерге қарағанда, медицина қызметі әлдеқайда қымбаттады. Мысалы, күндізгі стационардағы емделу құны бір жылда шамамен 40% өсті. Стоматологиялық қызметтер де айтарлықтай қымбаттады:

тісжегіні емдеу – 18,9%,

тіс протездеу – 14,3%,

тіс импланттарын орнату – 12%.

Ал амбулаториядағы мамандар қызметі мен МРТ зерттеулері 5–6% жоғарылады.

2025 жылдың үшінші тоқсанында қазақстандықтар стоматологиялық клиникаларға 33,2% көп ақша жұмсаған.

2025 жылғы желтоқсан айындағы деректер бойынша мемлекеттік медициналық мекемелерде пациенттердің шығынға орташа қанағаттану деңгейі 62,6% болса, жеке клиникаларда 58,6% болды.

Жеке клиникаларда пациенттер қызмет сапасына, персоналдың кәсібилігіне және тексерулердің жылдамдығына көбірек қанағаттанған.

Қазақстан рейтингте 60-орынға жайғасты, шығынға қанағаттану көрсеткіші 61,1%. Салыстыру үшін айтсақ, Ресей – 57-орында (68,7%), Беларусь – 90-орында (62,1%).

Дерек көзі: https://sputnik.kz