фото: https://pixabay.com/
27 ақпанға қараған түні Щучинск қаласындағы "Центр плова" деп аталатын дәмханада газ баллоны жарылды.
Соның салдарынан өрт шығып, жеті адам қаза тапты. Тағы 19 адам зардап шекті.
Ақмола облысы ТЖД хабарлауынша, жарылыс бес қабатты ғимаратқа жапсарлас салынған дәмханада болған. Сондай-ақ ғимараттан сегіз газ баллоны шығарылған.
Қазіргі уақытта 13 адам ауруханада жатыр, алтауы үйіне жіберілді.
Дерек көзі: https://sputnik.kz
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через