Алматыда қырғызстандық суретшілердің 65 туындысы ұсынылады

Алматыда қырғызстандық суретшілердің 65 туындысы ұсынылады

фото: Алматы әкімдігі

Алматыда Шыңғыс Айтматовтың шығармалары негізінде қырғызстандық суретшілердің 65 туындысы ұсынылады

 

Алматы галереясында 14 қазанда Шыңғыс Айтматовтың туғанына 100 жыл толуына орай жоспарланған іс-шаралар аясында «Арқау» («Связующая нить») халықаралық көрмесі ашылады. Экспозицияға қырғызстандық суретшілердің 65 туындысы қойылады. Бұл туралы Алматы қаласы Мәдениет басқармасының өкілдері айтты, деп хабарлайды "Сапалы Қазақстан" порталы.

Көрмеде Қырғыз Республикасы Суретшілер одағының мүшелері Кубанычбек Ибрагимов, Бахрамжон Темиров, Садык Мурзаканов және Азиз Сулайманов туындысын ұсынады.

Көрменің негізіне Шыңғыс Айтматовтың әдеби мұрасын көркемдік тұрғыдан жаңаша пайымдау идеясы алынған. Суретшілер жазушы шығармаларының сюжетіне, кейіпкерлері мен образдарына жүгініп, оларды бейнелеу өнері арқылы жеткізеді.

Жоба Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы мәдени байланысты дамытуға бағытталған. Көрме Алматы қаласының Мәдениет басқармасы мен ТҮРКСОЙ халықаралық түркі мәдениеті ұйымының қолдауымен, сондай-ақ Қырғыз Республикасы Суретшілер одағы мен Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының атсалысуымен өтеді.

Көрменің ашылу рәсіміне Қырғыз Республикасының Алматыдағы Бас консулы, түркі мемлекеттері консулдық мекемелерінің өкілдері, суретшілер, мәдениет қайраткерлері және екі елдің шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысады.

Көрме Алматы галереясында 2026 жылы 7 қарашаға дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыз

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз