Бала тәрбиесіне бөлінген бір сағат

Бала тәрбиесіне бөлінген бір сағат

фото: stan.kz

       Қырғызстанда баласын жалғыз тәрбиелеп отырған ата-аналарға жаңа еңбек жеңілдігін енгізу ұсынылды. Заң жобасы қабылданса, 14 жасқа дейінгі баласы бар жалғызбасты ата-аналар күн сайын жұмыс уақытын бір сағатқа қысқарта алады. Бұл ретте жалақысы толық сақталады.

       Бастамаға сәйкес, ата-ана жұмысқа бір сағат кешігіп келуге немесе жұмыстан ертерек қайтуға құқылы болады. Мұндай мүмкіндік баланы жалғыз тәрбиелеп отырған асырап алушылар мен қорғаншыларға да қарастырылған. Босатылған уақытты кейін өтеу міндеттелмейді.

       Заң жобасын депутат Дастан Бекешев ұсынып, құжат 19 қарашада қоғамдық талқылауға шығарылды. Бастаманың негізгі мақсаты – жұмыс пен бала күтімін қатар алып жүруге мәжбүр ата-аналарға қолайлы жағдай жасау. Әсіресе, баласын мектепке апарып-әкелу кезінде уақыт тапшылығына тап болатын азаматтарға бұл айтарлықтай қолдау болмақ.

       Айта кетейік, әзірге бұл – көрші елдегі заңнамалық ұсыныс, күшіне енген жоқ. Ал Қазақстанда мұндай санаттағы ата-аналарға жалақысы толық сақтала отырып, жұмыс күнін бір сағатқа қысқарту жөнінде арнайы норма қарастырылмаған. Қырғызстандағы бастама жүзеге асса, жалғызбасты ата-аналардың әлеуметтік жағдайын қолдауға бағытталған маңызды қадам болмақ.

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!

Сондай-ақ оқыңыз

Жазылу
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз