Алматыда жаңбыр: тұрғындарға сақтық шарасын сақтау ескертілді

Алматыда жаңбыр: тұрғындарға сақтық шарасын сақтау ескертілді

фото: pixabay.com

Бүгін түстен кейін Алматыда жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Қаланың коммуналдық және жедел қызметі су басу қаупіне жедел әрекет ету үшін арнайы техника мен мамандарды дайындады, деп хабарлайды "Сапалы Қазақстан" порталы. 

«Қазгидромет» болжамынша, жауын-шашын сағат 15:00-ден кейін басталып, түнгі сағат 02:00-ге дейін жалғасады. Жауын-шашын мөлшері 5 мм-ге дейін жетуі мүмкін. Күндіз желдің екпіні секундына 13 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы +17…+19 °С шамасында болады.

Қаланың Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының өкілдері хабарлағанындай, су басуы мүмкін жерлерде алдын алу және оның салдарын жою үшін 85 жедел бригада кезекшілікке қойылды. 1 579 жол қызметкері, 415 арнайы техника, 97 мотопомпа және құм салынған 5 мыңға жуық қап дайын тұр.

Су жиналу қаупі бар учаскелерге ассенизаторлық көліктер мен су соруға арналған жабдықтары бар бригадалар орналастырылады.

Фото: pixabay.com.

Коммуналдық қызметтің күнделікті жұмысына 3 250 жол саласы жұмысшысы мен 1 225 арнайы техника тартылады. Көше мен жолдың тазалығын бақылау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.

Синоптиктердің болжамынша, ертең күндіз жауын-шашын болмайды. Алайда 26 қараша күні түстен кейін жаңбыр қайта жаууы мүмкін.

Алматы тұрғындары мен қонақтарына сапарын жоспарлау кезінде ауа райын ескеріп, жол мен тротуарда абай болу, су жиналуы мүмкін аумақтардан аулақ жүру ұсынылады. Жүргізушілер жаңбыр кезінде көлік жылдамдығын азайтып, қауіпсіз арақашықтықты сақтауы қажет.

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!

Сондай-ақ оқыңыз

Жазылу
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз