Қала тынысы - қаламгер көзімен

Қала тынысы - қаламгер көзімен

фото: elordainfo.kz

       Елімізде тың туындылар жазып жүрген қаламгерлерге шығармашылығын танытуға мүмкіндік беретін «Қала хикаялары» республикалық прозалық байқауына өтінім қабылданып жатыр. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.

       Байқаудың негізгі мақсаты – бүгінгі қаланың тыныс-тіршілігін, адам тағдырын, қоғамдағы өзгерістерді көркем шығарма арқылы бейнелейтін жаңа туындыларды іріктеу. Сонымен бірге ұлттық құндылықтар мен заманауи өмір салтының сабақтастығын әдебиет тілімен жеткізе алатын авторларды қолдау көзделген.

       Шығармашылық додаға Қазақстан азаматтары қатыса алады. Ұсынылатын роман бұрын еш жерде жарияланбаған, қала прозасы жанрында жазылған және көлемі кемінде 10 авторлық баспа табақ болуы тиіс. Бұл шамамен 400 мың баспа таңбасына тең. Әр қаламгер байқауға бір ғана шығармасын ұсына алады. Өтінім қабылдау 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін жалғасады. Қазірдің өзінде ұйымдастырушыларға 20 өтінім түскен.

       Байқаудың тағы бір маңызды тұсы – жеңімпаз атанған шығармалар оқырманға жол тартады. Олардың жалпы таралымы 15 мың данамен басылып, еліміздің кітапханаларына жеткізіледі. Осылайша, байқау жаңа есімдерді танытып қана қоймай, қазіргі қазақ прозасының дамуына және оқырман мен отандық әдебиеттің байланысын нығайтуға жол ашпақ.

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!

Сондай-ақ оқыңыз

Жазылу
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз