Найзағайдан қалай қорғану керек?

Найзағайдан қалай қорғану керек?
фото: pixabay.com

Көктемнің соңы мен жаздың басында ауа райы жиі құбылып тұр. Соның салдарынан жел соғып, жаңбырп жауып, найзағай соғып жатыр. Жалпы, табиғаттың тосын құбылысынан қалай қорғану керек, жай түскен адамды аман алып қалуға болады ма? 

Бір кездері жайлауда болған найзағай қабылдағыш діңгектердің қазір ізі де жоқ. Елімізде 90-шы жылдары олар қараусыз қалып, маңайдағы ауылдардың тұрғындары металл қабылдайтын пункттерге тапсырып жіберген, деп хабарлайды qazaqstan.tv сайты. 

Найзағай – толық зерттелмеген табиғи құбылыс. 

Оның жылдамдығы секундына 100 мың шақырымға жетеді. Ал қуаты 100 мың амперден асады. Бұл біз күнделікті пайдаланып жүрген электр энергиясынан 6,5 мың есе жоғары.

Исламбек Кенжетаев, Жедел жәрдем қызметінің дәрігері:

Адамға найзағай түскен кезде күйдіріп жіберуі мүмкін. Жүректің тоқтауы, өкпе демалысы бұзылуы мүмкін. Жеңіл, орташасында адамға көмектесуге болады. Ауыр жағдайында адам өліп кетуі де мүмкін. Айналасындағы адамдар, соққан кезде бірден қасына жоламауы керек. Өйткені, оларда өздерінің разряды болады.

Сондықтан мамандар мүмкіндігінше бірден жедел-жәрдем қызметін шақыруға кеңес береді. Егер найзағай соққысы жеңіл және орташа деп бағаланса, адамды аман алып қалу мүмкіндігі де жоғары.

Найзағай ойнағанда үйде болсаңыз, бірінші кезекте тұрмыстық техниканы тоқтан ажырату керек. Есік терезені жауып, қауіп сейілгенше бөлменің орта тұсында отырған абзал.

Фото: pixabay.com.

      Найзағай суға, ең биік нүктеге түседі дейді мамандар. Сондықтан ашық жерде келе жатсаңыз, тізерлеп отырған абзал. Ал орманда төмен ағаштардың астына тығылған жөн.

Мейрамгүл Бектемірова, физика пәнінің оқытушысы:

Телефонды сөндіру керек, шашты тығу керек. Неге десеңіз, шашта зарядтар көп, олар үйкеліседі. Теріс, оң зарядтар көбінесе бір-біріне тартылады. Және үлкен бұлттар – қара бұлттардан қорқу керек.