фото: pixabay.com
Қалтаңызда артық ақшаны болғанына не жетсін. Ол үшін не іситеу керек? Табысыңыз өте қомақты болуы керек немесе бар ақшаны үнемдеуді меңгеру керек. Бұл оңай шаруа емес. Себебі, жауаптылықты, ұстамдылықты, сауаттылықты қажет етеді.
Қаржылық тәртіпке жетудің ең алғашқы қадамы - ақшаңыздың қайда кететінін түсіну. Әрбір шығынды бақылаңыз: ірі затты сатып алудан бастап кофе немесе такси сияқты ұсақ шығындарға дейін есепке алу.
Бақылаудың бұл түрі сізге табысыңызды азайтып жатқан «артық» шығындарды анықтауға және қай жерде үнемдеуге болатынын түсінуге мүмкіндік береді. Мысалы, кафелерге жиі бас сұғу бюджетіңіздің 15-20%-ын жеп қоюы мүмкін.
Көрсеқызарлықтан сақтаныңыз!
Көптеген сатып алулар импульсивті түрде жасалады: сізге зат ұнайды, содан кейін кассаға жүгіресіз. Мұны болдырмау үшін «24 сағаттық ережені» қолданыңыз: сатып алмас бұрын кем дегенде 24 сағат күтіңіз. Көбінесе, құштарлық жоғалады және сіз ол заттың мүлдем қажет емес екенін түсінесіз.
Бұл тәсіл қажетсіз заттарды жинаудан аулақ болуға және шынымен маңызды нәрселерге ақша үнемдеуге көмектеседі.
Коммуналдық және тұрмыстық шығындарыңыздыазайтыңыз
Күнделікті әдетіңізге енгізген шағын өзгерістің өзі үнемдеуге көмектеседі. Пайдаланылмаған кезде шамдар мен тұрмыстық техниканы өшіріңіз, энергия үнемдейтін шамдар мен А класты тұрмыстық техниканы пайдаланыңыз. Су тұтынуыңызды бақылаңыз: тіпті тамшылап тұрған кран да төлеміңізді арттыруы мүмкін.
Ұқыптылық танытсаңыз, бұл шаралар коммуналдық төлемдерді 10-15%-ға азайта алады.
Табысыңыздың бір бөлігін міндетті түрде үнемдеңіз
Қаржы мамандары «алдымен өзіңізге төлеңіз» деген тәжірибені ұсынады. Жалақыңызды алғаннан кейін бірден табысыңыздың 5-10%-ын бөлек шотқа немесе депозитке аударыңыз. Бұл күтпеген жағдайлар туындаған жағдайда қауіпсіздік белдігін жасайды.
Үнемі, тіпті аз мөлшерде болсын ақша жинау әдетін дамыту маңызды: уақыт өте келе олар айтарлықтай үнемге септігін тигізеді.

Фото: pixabay.com.
Jibek Joly телеарнасының «Бүгін LIVE» бағдарламасында қаржыгер Гимран Әбдірахманов кеңесін бөлісіп, ақшаны үнемдеудің жолдарын түсіндірді.
Фото: видеодан алынған скрин.
Қаржыгер табыстың 10%-ын үнемдеу керек деген дәстүрлі қағида ескірген деп санайды.
– Бұрын 10 пайыз деп айтылатын. Қазір бұл аз. 20-30%-дан астам сақтау керек. Ақшаны үнемдеудің бірнеше жолы бар: шешілмейтін депозит ашу, мерзімдік жинақтар, жинақтаушы сақтандыру бағдарламалары. Сондай-ақ акция, 3 жылдық облигация сияқты құралдардарды да қарастыру керек. Екінші деңгейлі банктерден 1 грамм алтын сатып алуға болады, қазір ол шамамен 70 мың теңге тұрады. Екі жыл бұрын 50 мың болатын. Бұл да бір инвестиция, – дейді сарапшы.
Сарапшы Паркинсонның екінші заңына тоқталды.
– Табыс артқан сайын шығын да көбейеді. Сондықтан оны басқаруды үйрену, қаржылық сауатты меңгеру маңызды, – дейді ол.
Экономист шығындарды шектеудің әр адамның жеке өміріне байланысты екенін атап өтті.
– Мысалы, шоу-бизнесте жүрген адам өзіне қалағанынша қаржы құя алады, себебі жұмсалған қаражат ақталады. Ал ақталмайтын жағдайда шығынды шектеу керек. Әрбір шығын инвестиция ретінде қарастырылуы тиіс, – деді маман.
Сонымен қатар қаржыгер эмоционалды шопингтен аулақ болуға шақырды.
– Жеңілдіктердің соңынан жүгірмеу қажет. 50 мың теңгенің заты 30 мыңға сатылуы мүмкін емес. Адам өз-өзін алдап, оны сатып алады. Бұл – эмоционалды шопинг, – деп ескертті Әбдірахманов.
Сарапшының айтуынша, қаржылық сауатты бала кезден бастаған дұрыс.
– Бала өз еңбегінің арқасында ақша келетінін біліп, дұрыс қаржылық әдеттерді дамыта алады, – деді Гимран Әбдірахманов.
Мақалада kaz.inform.kz жариялаған дерек пайдаланылды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через