фото: iStock
10 қағиданы орындау арқылы өзіңіз бен жақындарыңыздың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік болады
Жер сілкінісі кенеттен болатындықтан, адамдардың басым көбі сасқалақтап, тиісті ережелерді ұстануды ұмытып кетеді. Осыны ескере отырып, ҚР Төтенше жағдай министрлігі тұрғындар назарына маңызды ақпарат ұсынды, деп хабарлайды almaty.tv.
Төмендегі 10 ережені есте сақтау арқылы өзіңіз бен жақындарыңыздың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік болады:
- Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
- Жер сілкінісі кезінде лифтімен және баспалдақпен түспеңіз;
- Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;
- Жасырынатын жерді табыңыз - жоғарғы қабаттарда негізгі қабырғалардың бұрышына жасырыныңыз;
- Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда); көпқабатты үйлерде жер сілкінісі аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
- Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігінше өшіріңіз;
- Дабыл жолсандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
- Электр желілерінен, ғимараттардан, ағаштардан аулақ болыңыз;
- Жер сілкінісіне дайын болып жүріңіз;
- Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через