
фото: pexels.com
Йод — адамның қалыпты өсуі мен дамуына қажетті микроэлемент. Ал ағзаға тағам мен судан түсетін қажетті йод мөлшерінің жетіспеуінен йод тапшылығы аурулары пайда болады. Алматы қаласы Әуезов ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары осылай мәлімдеді.
Алматы қаласы Әуезов ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бастығы Исембаева Асима Бақытжанқызы мен СГБ, ТРТСБ бөлімінің бастығы Смағұлова Назира Қамалбайқызы «Сапалы Қазақстан» порталының тілшісіне аталған ауруға қатысты кез келген азамат білуге тиіс мәліметтермен бөлісті.
Йод жетіспеушілік ауруларының ішінде аса қауіптісі — эндемиялық зоб. Мұның салдарынан көптеген ауру, мәселен, түйінді құрылымдар мен қатерлі ісіктер дамуы мүмкін.

Фото: pexels.com.
Еліміздің көптеген аймағында йод жетіспеушілігінің салдары байқалады. Йод жетіспеушілігі, әсіресе оңтүстік және шығыс өңірлерде жиі кездеседі.
Йод тапшылығының аурулары деп - қалқанша без қызметінің бұзылуынан туындайтын науқасты айтамыз. Негізінен бұл дерт ағзадағы йод мөлшерінің төмендеуінен туындайды. Йод жүйке жүйесінің күйіне, адамның эмоционалдық және оның психологиялық денсаулығына жауапты екенін бәріміз жақсы білеміз. Бұл гормондардың синтезіне тікелей қатысатын жалғыз микроэлемент және ол организмде өндірілмейді, біз оны күнделікті қабылдауымыз керек. Ересек адамдар үшін йод қабылдаудың нормасы тәулігіне 200-300 мкг, ал жүкті әйелдер мен емізетін әйелдер үшін 200-300 мкг-ге дейін көтеріледі, дейді Алматы қаласы Әуезов ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бастығы Исембаева Асима Бақытжанқызы.
Бұл мәселемен қалай күресуге болады?
Бір ғана жауап бар - йодпен байытылған тағамды жеу арқылы йод тапшылығын жою, яғни бұл йод тапшылығының алдын алудың ең қарапайым және қолжетімді жолы. Сондықтан азық-түлік өнімдерін сатып алғанда, таңбалауға назар аударыңыз. Дәл осы таңбалау туралы ақпаратта йодтың құрамы туралы білуге болады. Бірақ йод тапшылығы ауруларының алдын алудың ең жақсы жолы «ана – жаңа туған – бала – жасөспірім» тізбегі бойынша алдын алу, яғни йод тапшылығының алдын алуды неонаталдық жастан бастау керек. Сонымен қатар, егер ағзада йод жетіспесе, тұз немесе басқа өнімдер оның орнын толтыра алмайды. Сізге йод препараттарын тағайындайтын маманмен кеңесу керек. Осылайша Сіз ағзадағы йодтың күнделікті мөлшерін бақылап, денсаулығыңызды бақылауда ұстай аласыз, дейді Алматы қаласы Әуезов ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім бастығы Смағұлова Назира Қамалбайқызы.
Тағамдардың арасында йод мөлшері мейлінше жоғары өнім - теңіз балықтары мен теңіз өнімдерін (800-1000 мкг/кг) айтуға болады. Сондай-ақ йод балық майында да көп. Одан кейінгі сатыда - сүт, жұмыртқа, ет және бидай өнімдері тұр. Йод тапшылығын қарапайым тұзды бұл өніммен байыту арқылы да жоюға болады. Йодталған тұз нанға, су мен өзге де өнімдерге қосылады. Сөйтіп, әр адам күнделікті ағзаға қажетті мөлшерді алады.
Адам ағзасы йодты өздігінен шығара алмайды, сондықтан оны қажетті азық-түлік, теңіз суынан, биологиялық белсенді қоспалардан және тіпті ауадан үнемі толықтыруға мәжбүр.
Есіңізде болсын, денедегі йодтың жетіспеушілігін диетаға жасанды түрде байытылған тағамдарды немесе осы элементі бар биологиялық белсенді қоспаларды қосу арқылы өтеуге болады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через