фото: pixabay.com
"Қай жерің ауырса, жаның сол жеріңде" деген тәмсіл бар. Дегенмен адамның тісі ауырса, жаны жай таппай кететін рас. Мұндай жағдайда не істеу керек?
Тіс ауыра қалса дереу стоматологқа жүгіну қажет?
Алғашқы көмек ретінде ауырсынуды басатын дәрі қабылдау керек. Бұл ауырсыну синдромын жоюдың жылдам тәсілі. Таблеткалар орташа есеппен 5-7 сағат қолданылады.
"Ауырсынуды басатын дәрілер тіс ауырын бәсеңдетуге мүмкіндік береді, бірақ оны неғұрлым ұзақ қолдансаңыз, соғұрлым бауырға, жүрек-қан тамырлары жүйесіне зиян келтіресіз. Бұл стоматологияға барғанға дейінгі қатты ауырсынуды тоқтатудың уақытша құралы ғана. Мұндай дәрілер аурудың себебін жоя алмайды. Тіс аурудың азабынан тек тіс дәрігері ғана құтқара алады.
Тіс ауруынан құтылудың амалын іздегенше, оның алдын алған әлдеқайда оңай.
Фото pixabay.com.
Тісті сау күйінде сақтау үшін не істеу керек?
- таңертең және кешке тістерді тазалап, тіс жіптерін пайдаланып, толық тамақтану керек:
- сүтті, сүзбені, ірімшікті, балықты көп тұтыну керек
- қант тұтынуды барынша азайтқан жөн.
- темекі шегуден және алкогольден бас тартқан абзал.
"Көптеген адамның басты қателігі ретінде тіс дәрігеріне тек ауырған кезде баруын атап өткен жөн. Негізі стомалотолог дәрігерге жарты жылда бір рет барып тұру керек. Дәрігер ауыз гигиенасын жүргізеді: тістерді және тіс астындағы кеңістікті қатты шөгінділерден (тастардан) тазартады, эмальді жылтыратып, кальций мен фторлы препараттармен нығайтады ", - деп түсіндірді стоматолог Бек Дәрменұлы.
Фото pixabay.com.
Қазіргі таңда стоматология табысты бизнеске айналған.
Мысалы елімізде өткен жылдың III тоқсанында отандық тіс дәрігерлер 56,3 миллиард теңге табыс тапқан. Оның 5,3 миллиард теңгесі бюджет қаражаты есебінен, 47,9 миллиарды халықтан түскен қаражат, ал 3 миллиард теңге кәсіпорындардың қаржысы есебінен түскен. Бұл Ұлттық статистика бюросының мәліметі.
Ең көп қызмет көрсету саны бойынша Астана мен Алматы алдыңғы қатарда тұр. Кейін тізімді Атырау және Шығыс Қазақстан облысы жалғайды. Ал ең аз қызмет Ұлытау облысында көрсетілген.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через