фото: pexels.com
Егер сіз көздің көру қабілетін сақтау үшін гаджеттерді азырақ пайдалану жеткілікті деп ойласаңыз, қателесесіз.
Көпшілік компьютер мен ноутбук мониторлары, сондай-ақ телефон немесе планшет экрандарының көзге зиян екеніне сенімді. Шын мәнінде, олай емес.
Көзімізге зиянын тигізетін тоғыз әдет бар. Солардан арылуымыз керек. vfokuse.mail.ru сайты ұсынған осы тізіммен танысайық.
Темекі шегу
Темекі шегу бүкіл денеге зиян келтіреді, сонымен қатар көзге қауіп төндіреді. Темекі құрғақ көз синдромының, катаракта мен глаукоманың дамуына түрткі болады.
Көк түтін көздің көру қабілетін нашарлатады және көзімізді нәрлендіретін қан тамырларына оттегінің дұрыс мөлшерде жеткізілуіне кедергі келтіреді.
Халық емі бойынша өзін-өзі емдеу
Кейбіреулер конъюнктивитті емшек сүтімен емдейді, ал мұздатылған етті көздің астына қояды. Көз ауруларын емдеудің осы және басқа да кең тараған әдістерінен микробтар енуіне мүмкін. Бұл өз кезегінде аурудың асқынуына және басқа ауруларға ұрындыруы ықтимал. Кез-келген құралды, емді қолданар алдында көз дәрігерімен кеңесіңіз.
Жарық жеткіліксіз
Әрине, әрқайсымыз қараңғыда теледидар көреміз немесе ұйықтар алдында әлеуметтік желілерде жаңалықтар арнасын парақтаймыз. Мұның бәрі көзге зиянын тигізеді. Сондай-ақ, жарық нашар түскен жерде ұсақ заттармен жұмыс істеуге және кітап оқуға болмайды.
Мәселе мынада, күңгірт жарықта жұмыс істеу және оқу көзді фокустауда қиындық тудырады және жыпылықтау жиілігін азайтады. Осыған байланысты құрғақ көз синдромы дамуы мүмкін, бұл көзді құрғатып, ыңғайсыздық тудырады.
Фото pexels.com.
Линзаларды дұрыс қолданбау
Линзаларды сақтау шарттарын сақтамау, бір күндік линзаларды бірнеше күн бойы кию инфекцияны тудырады.
Сондықтан линзаларға дұрыс күтім жасауды ұмытпаңыз, бір күндік линзаларды қайта-қайта пайдаланбаңыз және оларды шешпей бассейнге түспеңіз.
Көз тамшыларын басқа дәрі-дәрмекпен бірге сақтау
Көз тамшыларын басқа дәрі-дәрмектен бөлек ұстаған дұрыс, өйткені кейде қателесіп, көзге басқа препаратты тамызып қою қаупі бар. Сондай-ақ, тамшыларды тұрмыстық өнімдердің жанына қоймаңыз.
Дұрыс тамақтанбау
Диетадағы көкөніс пен жемістің жеткіліксіз мөлшері, сондай-ақ А, С, Е, В12 дәрумендерінің жетіспеушілігі көздің қанмен қамтамасыз етілуінің төмендеуіне, катарактаның дамуына және көру қабілетінің нашарлауына ықпал етеді. Көздің саулығын сақтау үшін диетаға цитрус, бұршақ дақылдары, шөп және басқа да органикалық тағамдарды қосыңыз.
Макияжбен ұйықтау
Жатар алдында макияжды міндетті түрде сүртіп тастағыңыз, бұған ешқашан ерінбеңіз. Сонда сіз көзге шығатын ауру, конъюнктивит және көзге түскен косметика бөлшектерінен қабықтың механикалық зақымдануынан аман аласыз.
Фото pexels.com.
Мерзімі өткен косметиканы қолдану
Көздің айналасына жағатын косметиканың жарамдылық мерзіміне назар аударыңыз. Көз алмасына тиетін нәрсе жаңа және сапалы болуы керек.
Тушьты үш-алты ай қолданғаннан кейін өзгерту керек. Мерзімі өткен косметиканы қолдану көзге зиянын тигізуі мүмкін. Олар ауру тудыратын инфекцияны жұқтырады. Иммунитет алдымен бактериялармен күреседі, бірақ ерте ме, кеш пе ол да аурудың аодында әлсіздік танытуы ықтимал.
Көздің үйкелісі
Тағы бір жаман әдет — көзді ысқылау. Егер мұны таза қолмен жасасаңыз, онда ештеңе болмайды. Алайда, көзіңізді жиі ысқыласаңыз, көздің қабығын зақымдауыңыз мүмкін. Бұл кератоконусқа әкеледі, бұл ауру көздің қабығының пішінін жоғалтады, соңынан көру қабілетінің нашарлауына әкеледі. Адамның алдында тұрған заттар қосарланып және бұлыңғыр болып көрінеді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через