фото: pixabay.com
"Сапалы Қазақстан" порталының тілшісіне сұхбат берген Алматы қаласы Жетісу ауданы санитарлық – эпидемиологиялық бақылау басқармасы эпидемиологиялық қадағалау және бақылау бөлімінің бас маманы Ақбота Асқарқызы балалар денсаулығына ең алдымен ата-ана жауапты екенін алға тартты.
Маманның айтуынша, жедел ішек инфекциясы микробтармен қоздырылып, ауыз қуысы арқылы балалар ішегіне түседі. Сонымен қатар, ауру қоздырғышы ластанған тағамдар, су, кір қол арқылы, ойыншықтар және басқа да күтім заттары арқылы ағзаға енеді. 2 жасқа дейінгі балаларда негізінен диарея түрінде болады, диарея - жиі сұйық іш өту. Диарея ағзаны сусыздандыруы мүмкін. Сусыздану - бұл ағзадағы судың үлкен құрамын және минералын жоғалту. Нәрестелер үшін сусыздану өте қауіпті.
Балада диарея болмау үшін, мынандай алдын алу шараларын сақтау керек:
·Баланы 2 жасқа дейін ана сүтімен тамақтандырыңыз. Есте сақтаңыз, ана сүтінде баланың алғашқы өміріне қажетті барлық нәрлі зат бар, сонымен қатар, ана сүті баланы жұқпалы аурулардан сақтайды.
·6 айлығынан бастап қосымша тамақты дұрыстап беріңіз. Тағамды ішер алдында дайындаңыз. Баланы қасықпен тамақтандырыңыз.
·Емізер алдында және тамақ дайындар алдында қолыңызды мұқият жуыңыз.
·Тамақты таза жерде және таза ыдыста дайындаңыз.
·Пайдаланылатын су қайнатылған, таза жеткілікті мөлшерде болу керек.
·Жеке бас тазалығын сақтаңыз.
·Ойыншықтарды үнемі таза ұстаңыз, ластанған кезде жуыңыз.
·Баланың дәрет тазалығын дұрыс қадағалаңыз.
·Баланы дәреттен кейін бірден жуындырыңыз,содан соң өзіңіздің және балаңыздың қолын жуыңыз.
Медицина қызметіне қашан жүгінуге болады?
1. Егер балада әлсәздәк немесе мазасыздық пайда болса, бұл аурудың басталуының белгісі;
2. Егер бала су іше алмаса, емшектен бас тартса немесе шөлдесе;
3. Егер дене қызуы 37°C және одан жоғары көтерілсе;
4. Егер жиі құсса және жиі іші өтсе;
5. Егер үлкен дәрет қан араласқан болса
Дәрігердің кенесінсіз балаңызға дәрі, әсіресе антибиотик бермеңіз!
Өз балаңыздың денсаулығы – өз қолыңызда екенін ұмытпаңыздар!
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через