фото: pixabay.com
Жазғы демалыста жасөспірім де, ата-аналар да сақтық шараларын бір сәт естен шығармауы тиіс.
Жаз өте ыстық мезгіл, сондықтан алдымен күн тиюден, өрттен және судан сақ болуы керек. Балалардың ата-ананың рұқсатынсыз алысқа ұзап кетуге, суға шомылуға, походқа баруға болмайды. Жаз өте ыстық болғандықтан өрт қаупі төнуі мүмкін.
Өрттердің шығу себебі әртүрлі: электр сымының қысқаша тұйықталуы, желдің шамадан тыс жүктелуі, газды, жылыту пештерін дұрыс қолданбау. Өрт табиғи және авария салдарынан болуы мүмкін, бірақ өрт көбінесе адамның байқаусыздығынан болады (өрт қауіпсіздік ережелері сақтамау, төсекте темекі шегіп жатып ұйқыға кету, лақтырылған темекі қалдықтары, балалардың отпен ойнауы және т.б.).
Өрт кезіндегі қауіпсіздік:
Өрт болған кезде қалай іс-қимыл жасау керектігін барлық адам білуі керек.
Өртті сөндіру кезінде ең бастысы өрттің таралуын тоқтату, ал содан соң қатты жанып жатқан от ошақтарын сөндіру керек.
Егер де үйде (пәтерде) кішкентай болсын от ошағы шықса, су құйып немесе суланған ауыр матамен жабыныз.
Егер өрт пәтерден шықса:
-101 телефонына қонырау соғып, дұрыс мекенжайды және не жанып жатқаны туралы толық ақпарат беру;
- қарттар мен балаларды сыртқа шығару;
- содан кейін ғана өртті өз күшінізбен сөндіру қажет.
Жаздың ыстығында күнге және ыстық құмға қыздырыну, салқын суға шомылу жанға сондай жайлы.
Су сенің досың және дұшпаның.
Жас балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелерін орындамауы орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады. Сондықтан осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін, төмендегі ережелерді орындаған жөн:
Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары
- Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз.
- Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз.
- Суға тек рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыз.
- Өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршауға және тоңып қалтырауға дейін жеткізбеңіз.
- Суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз.
-жалпы қазіргі кезде су лас, сондықтан түрлі ауру жұқтырып алу да мүмкін, сол себепті суға өзен суына шомылмаған дұрыс.
Ойын барысындағы қауіпсіздік
Жол бойында ойнауға, велосипед тебуге, доп ойнауға болмайды. Өйткені балалар ойламаған жерден жол көлік оқиғасына тап болуы мүмкін. Сондықтан жолдан алыс, аулада, есік алдында ойнаған жөн.
Табиғат аясындағы қауіпсіздік:
Жаз мезгілінде паходқа шығуға болмайды, сонымен бірге қалың шөп арасында, қалың ағаш арасында, қуыс жерлерге жасырынып ойнауңға болмайды. Өйткені ондай жерлерде улы жәндіктер шағып алуы мүмкін.Улы жәндіктер көбіне адам көзінен таса, салқын жерлерде көп болады, оларда ыстықтан тығылып жатуы мүмкін.
Есте сақтаңыздар! Судағы апаттан қорғанудың ең сенімді жолы - суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через