Қос елге ортақ есім

Қос елге ортақ есім

фото: www.threads.com

       Өзбекстанның Ташкент облысы, Бостандық ауданындағы Қараманас ауылында орналасқан №34 мектепке көрнекті қазақ жазушысы, драматург әрі аудармашы Рахметолла Райымқұловтың есімі берілді. Бұл шешім Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің бастамасымен қабылданған.

       Бүгін, 2 қыркүйекте жаңа оқу жылының басталуына орай білім ордасында арнайы мерекелік шара өтеді. Жиынға Қазақстан мен Өзбекстанның мемлекет және қоғам қайраткерлері, қаламгерлер, әдебиеттанушылар, ұстаздар мен оқушылар қатысады.

       Салтанатты шара барысында алғашқы қоңырау соғылып, жаңартылған мектеп кітапханасы мен Рахметолла Райымқұловқа арналған мемориалдық бұрыш ашылады. Кітапхана қоры да қазақ қаламгерінің шығармаларымен толықтырылады.

       Рахметолла Райымқұлов 1913 жылы дәл осы Қараманас ауылында дүниеге келген. Ол қазақ және өзбек әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосып, екі ел арасындағы мәдени байланысты нығайтуға еңбек сіңірді. Қаламгердің «Жасыл белес», «Түйелі адам», «Балдақты адам», «Қара жорға» секілді шығармалары бар.

       Қаламгердің туған жеріндегі мектепке есімінің берілуі – әдеби мұраға көрсетілген құрмет қана емес, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тарихи тамырластық пен рухани жақындықтың жарқын белгісі.

Читайте также

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите