Маған достық та, шындық та қымбат. Дегенмен әрқашан шындықты бірінші орынға қоямын, деген екен Аристотель. Бәріміз шындық жағындамыз, өзгеден шын болуды талап етеміз. Ал өзіміз адалдыққа қиянат жасап жүрген жоқпыз ба?
Шындықты кім көтере алмайды?
«Шындықты көтере алмайтын адам - өтірікке үйреніп кеткен адам.»
«Бетке айтылған сынға ренжисің бе? Демек, ішіңде шындық бар.»
«Ащы шындық айтсаң — жау боласың, өтірік айтсаң дос.»
«Сыннан қашатын адам — дамудан да қашады.»
«Шындық шап еткізсе, демек дәл тиген.»
«Бетке айтылған сөзге ашуланғанша, өзіңді түзеген дұрыс.»
«Көтере алмайтын адамға шындық әрқашан ауыр.»
«Реніш — шындықтың жүрекке тиген жері.»
* «Шындықты естуге батылы жоқ адам, өз мықтымын демесін.»
«Ащы болса да, шындық — ең таза сөз»
Үш адам саған ешкім емес:
— Қиналғанда халіңді сұрамаған адам.
— Жақсылығыңды ұмытып, қателігіңді ғана көрген адам.
— Сен жоқта қадіріңді емес, орныңды іздеген адам.
Материал әлеуметтік желілерден алынды.