фото: pixabay.com
Фил Розен есімімен танымал блогер өз парақшасында сауалнама жүргізген. Ол 2800 адамнан өмірде алған ең жақсы кеңестері туралы сұраған. Блогер парақшасына тіркелгендердің жауаптары төмендегідей шыққан. Назарларыңызға көптің пікірін қысқартып ұсынып отырмыз.
«Халық айтса, қалп айтпайды». Халық мақалы.
Уақыт және болашақ
Өзіңізге ерте және үнемі инвестиция салыңыз.
Мен неғұрлым жақсы дайындалсам, соғұрлым жолым болады.
Уақыт жеткілікті деп ойлау - өмірде адамдардың ең үлкен қателігі.
Әрнәрсені ойлап уайымдамаңыз, себебі бәрінің алдын алу мүмкін емес. Сіз жасай алатын ең жақсы нәрсе - баяу болса да, алға жылжу. Дұрыс бағытта жылжу өзі мақсатыңызға жетуден маңыздырақ.
Біріншіден, ұсақ-түйекке алаңдамаңыз. Екіншіден, олардың бәрі ұсақ-түйек нәрсе.
Басқалар істей алмайтын немесе істегісі келмейтін нәрселерді сіз жақсы істеуді үйреніңіз.
Құмар ойындарға бармаңыз.
Күн сайын оқыңыз, әйтпесе қол жеткізген нәтижелерден айырылып қалу қаупі бар.
Басқалардың не істеп жатқаны туралы алаңдамай, өз жолыңызға сеніңіз. Өзіңізді саналы немесе бейсаналық түрде басқалардың жетістіктерімен салыстыру сізге алға жылжуға көмектеспейді.
Әрқашан өзіңізге мақсат қойыңыз.
Тірі жүру және сау болу қандай бақыт екенін ұмытпаңыз.
Медитация жасауды үйреніңіз. Бұл сіздің басыңызды қажетсіз ойдан тазартуға және көптеген стресстен арылуға көмектеседі.
Сүйікті ісіңізбен айналысуға уақыт бөліңіз. Басқа адамдар ұнатқан нәрселердің, іс-әрекеттің ықпалына түспеңіз. Өзіңізге ұнайтын нәрсеге, хоббиіңізге уақыт бөліңіз.
Жұмыс денсаулығыңызға кедергі келтірмеу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаңыз. Өз әл-ауқатыңызды бірінші орынға қойыңыз.
Жеңіліс - бұл тек одан сабақ алмаған жағдайда ғана жеңіліс.
Басқалардың мақұлдауы үшін өмір сүруді тоқтатыңыз. Егер сіз осыған қатты мән берсеңіз, көптеген кедергі аяғыңыздан шалады. Сіз ешқашан олардың мақұлдауына жете алмайсыз және бақытсыз боласыз.
Тәуекелге барудан қорықпаңыз. Жас кезіңізде, колледжді бітірген кезде, тәуекелге бару сіз ойлағаннан әлдеқайда «қауіпті» болып көрінеді. Тым абай болу маңызды мүмкіндіктерді жіберіп алуға әкелуі мүмкін.
Өзге үшін емес, өзіңіз үшін өмір сүріңіз.
Сіз қызғанатын өмір сүретін адамдардың барлығында мұндай мүмкіндік болған емес. Олардың көпшілігінің ресурсы, тапқырлығы, қабілеті және т.б. орташа болды, бірақ олар басқаша таңдау жасады, көп жұмыс істеді және тәртіпке бағынды. Қолыңыздағыны бағалаңыз және күш салыңыз.
Адамдардың сізді қалай қабылдайтынына және сізге қалай қарайтынына тым көп мән бермеңіз. Бұл нәрселер сіздің мінез-құлқыңызға әсер етеді, ал шын мәнінде әсер етпеуі керек. Өзіңіз үшін не істей алатыныңызға және не істеп жатқаныңызға назар аударыңыз.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через