фото: aikyn.kz
Ербол Хамитов Милан-Кортинадағы Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлдені салды.
Италияда өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшы Ербол Хамитов пара шаңғы жарысынан 1500 метрге классикалық спринт жарысында қола медаль жеңіп алды. Ол қашықтықты 2 минут 29 секундта еңсеріп, жарыстың үздік үштігін түйіндеді.
Алтын медаль қытайлық Лю Цзысюйге бұйырса, күміс жүлдені бразилиялық Кристиан Вестемайер Рибера еншіледі.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через