Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

фото: Алматы әкімдігі

Алматылық балуан Нұрқожа Қайпанов 24 қазан мен 1 қараша аралығында Астанада өткен күрестен әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды. Байрақты додаға әлемнің 135 елінен 900-ге жуық спортшы қатысты. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы Алматы қаласы Спорт басқармасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Нұрқожа Қайпанов еркін күрестен 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Ол төрт белдесуде жеңіске жетіп, Қазақстан құрамасынан осы чемпионаттың финалына шыққан жалғыз спортшы атанды.

Алғашқы белдесуінде алматылық балуан Косово өкілі Эгзон Джониді 10:0 есебімен жеңсе, келесі кездесуде әзірбайжандық Туран Байрамовтан 4:0 есебімен басым түсті. Ширек финалда Тәжікстан өкілі Виктор Рассадинді 11:0 есебімен мерзімінен бұрын жеңді. Ал жартылай финалда жапониялық Ёсиносукэ Аоягиді 3:1 есебімен ұтты.

Фото: Алматы әкімдігі. 

Финалдық белдесуде Нұрқожа ресейлік Иналбек Шериевке есе жіберіп, әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленді.

Бұл Нұрқожа Қайпановтың ересектер арасындағы әлем чемпионаттарында жеңіп алған төртінші жүлдесі. Ол 2019 жылы күміс, 2024 жылы алтын, ал 2025 жылы қола медаль еншілеген. Сонымен қатар алматылық спортшы Азияның үш дүркін чемпионы атанған.

Астанада өткен күрестен әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алған алматылық балуан Нұрқожа Қайпанов бүгін, 2 қараша күні сағат 13:00-де Алматы халықаралық әуежайына ұшып келеді.

Подписывайтесь на наши соцсети и будьте в курсе всех событий!

Читайте также

Подписаться
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите