Алматы құрамасы таеквондодан 15 медаль жеңіп алды

Алматы құрамасы таеквондодан 15 медаль жеңіп алды

фото: Алматы әкімдігі

Қазақстан чемпионатында Алматы құрамасы таеквондодан 15 медаль жеңіп алып, командалық есепте бірінші орын иеленді

 

Алматы құрамасы ересектер арасында таеквондодан (WT) өткен Қазақстан чемпионатында бес алтын, төрт күміс және алты қола медаль жеңіп алды. Командалық есепте екінші орынды Шымкент құрамасы, үшінші орынды Түркістан облысының командасы иеленді, деп хабарлайды "Сапалы Қазақстан" порталы.  

Алматы қаласы Спорт басқармасының өкілдері мәлімдегеніндецй, алматылық спортшылар 2022 жылдан бері, яғни бес жыл қатарынан командалық есепте көш бастап келеді. Осы уақыт аралығында ел чемпионатында төрт рет топ жарса, 2023 жылы Қазақстан Спартакиадасының командалық есебінде де жеңімпаз атанды.

Фото: Алматы әкімдігі. 

Биылғы чемпионат 4-6 қараша аралығында Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтті. Елдің барлық өңірінен келген 350-ге жуық спортшы 16 салмақ дәрежесі бойынша жүлделерді сарапқа салды.

Еркебұлан Еңсегенов (54 келіге дейін), Нұрәлі Махмұт (58 келіге дейін), Мұхаммедәлі Махмұт (63 келіге дейін), Батырхан Күcетов (80 келіге дейін) және Рита Бакишева (46 келіге дейін) Қазақстан чемпионы атанды.

Фото: Алматы әкімдігі. 

Күміс медальді Айдана Құмартaeва (46 келіге дейін), Аружан Найманбаева (67 келіге дейін), Дамир Шүленов (68 келіге дейін) және Бекарыс Нұрғазы (87 келіден жоғары) жеңіп алды.

Қола жүлдегерлер қатарында Жанель Сұлтанғалиева (46 келіге дейін), Санжар Исмаил (58 келіге дейін), Әзім Ниязов (63 келіге дейін), Нұрбек Ғазез бен Сұлтанбек Орынбек (68 келіге дейін), сондай-ақ Нұрриза Тұрарова (73 келіге дейін) бар.

Подписывайтесь на наши соцсети и будьте в курсе всех событий!

Читайте также

Подписаться
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите