WhatsApp

Ербол Хамитов қысқы Паралимпиада ойындарының қола жүлдесін иеленді

Ербол Хамитов қысқы Паралимпиада ойындарының қола жүлдесін иеленді
фото: aikyn.kz

        Ербол Хамитов Милан-Кортинадағы Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлдені салды.      

       Италияда өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшы Ербол Хамитов пара шаңғы жарысынан 1500 метрге классикалық спринт жарысында қола медаль жеңіп алды. Ол қашықтықты 2 минут 29 секундта еңсеріп, жарыстың үздік үштігін түйіндеді.

        Алтын медаль қытайлық Лю Цзысюйге бұйырса, күміс жүлдені бразилиялық Кристиан Вестемайер Рибера еншіледі.