Шахмат – тек ойын емес, ойлау мектебі

Шахмат – тек ойын емес, ойлау мектебі

фото: ortalyq.kz

       Бір жүріс жасау үшін бала қанша нәрсені ой елегінен өткізеді? Қарсыласының қадамын болжайды, бірнеше нұсқаны салыстырады, шешім қабылдайды. Демек, шахмат тақтасының басында тек ойын емес, баланың ойлау қабілеті де шыңдалады.

       Осы мүмкіндікті білім беру жүйесінде тиімді пайдалану мәселесі Алматыда өтетін халықаралық конференцияда талқыланады.

       12–13 қараша күндері Narxoz университетінде «Білім берудегі шахмат» атты IV халықаралық конференция ұйымдастырылады. Басқосуға Қазақстанның білім саласы мен шахмат қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ шетелдік сарапшылар мен педагогтер жиналады.

       Негізгі назар – шахматты мектеп бағдарламасына енгізу, оқушылардың логикалық және сыни ойлау қабілетін дамыту, мұғалімдерді осы бағытта даярлау мәселелеріне аударылады.

       Екі күн бойы қатысушылар тәжірибе алмасып, білім беру бағдарламаларын таныстырады, шеберлік сабақтарын өткізеді. Сондай-ақ мектеп шахматын дамытудың жаңа мүмкіндіктерін талқылайды.

       Өйткені шахматта жеңіске жету үшін дұрыс жүріс жасау маңызды болса, өмірде дұрыс шешім қабылдауды үйрену одан да маңызды.

 

Подписывайтесь на наши соцсети и будьте в курсе всех событий!

Читайте также

Подписаться
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите