6,5 триллион теңгелік жоспар

6,5 триллион теңгелік жоспар

фото: baq.kz

       Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті. Елордадағы он алаңда ұйымдастырылған жиындарға мемлекеттік органдардың, Құрылтай мен қоғам өкілдері, кәсіпкерлер, студенттер және қала тұрғындары қатысты. Кездесулерде әлеуметтік қолдау, экономиканы дамыту, цифрландыру мен инфрақұрылымдық жобалар талқыланды.

       Жиындарда Жолдаудың «Халықтық құрылыс» және халықтық цифрлық экономика бағыттарына басымдық берілді. «Халықтық құрылыс» әлеуметтік, көлік және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға арналса, цифрлық экономика кәсіпкерлікті қолдап, азаматтардың табысын арттыруды көздейді. Қатысушылар инвестиция тарту, бизнеске қолайлы жағдай жасау және өңірлер арасындағы теңсіздікті азайту мәселелерін де көтерді.

       Әлеуметтік саясат аясында атаулы көмекті шын мұқтаж азаматтарға бағыттау, ең төменгі жалақыны арттыру және инфляцияны тежеу мәселелері сөз болды. Сонымен қатар 2029 жылдың соңына дейін «Халықтық құрылыс» бағдарламасына Ұлттық қордан шамамен 6,5 триллион теңге бөлу қарастырылғаны айтылды. Қаражатты жоспарлау кезінде мектептер, ауруханалар мен өзге де әлеуметтік нысандарға деген өңірлік қажеттілік ескерілуі тиіс.

       Цифрлық даму мәселесіне арналған кездесуде соңғы бес жылда Қазақстанның IT қызметтері экспорты 30–33 миллион доллардан 1 миллиард долларға дейін өскені атап өтілді. Ендігі міндет – отандық IT компаниялардың халықаралық нарыққа шығуына жол ашу, жасанды интеллектіні енгізу және цифрлық инфрақұрылымды дамыту. Жиын қорытындысында Жолдауда белгіленген міндеттерді жүзеге асыруда мемлекет пен қоғамның ортақ жауапкершілігі маңызды екені айтылды.

Подписывайтесь на наши соцсети и будьте в курсе всех событий!

Читайте также

Подписаться
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите