Алматыда 700-ге жуық колледж студентіне шәкіртақы төленбеген

Алматыда 700-ге жуық колледж студентіне шәкіртақы төленбеген

фото: dauletten.kz

Алматыдағы Халықаралық бизнес және коммуникация колледжінің 676 студенті мемлекеттік стипендия мен жол жүру шығындарының өтемақысын уақтылы алмаған. Төленбеген қаражаттың жалпы сомасы 50 млн теңгеге жеткен.

Қала прокуратурасының мәліметінше, тексеру кезінде студенттердің тиісті төлемдерден қағылғаны анықталған.

«Осыған байланысты прокурорлық қадағалау шаралары қабылданып, анықталған заңбұзушылықтар жойылды. Нәтижесінде студенттер алдындағы 50 млн теңге берешек толық өтеліп, 676 студенттің құқығы қалпына келтірілді», делінген прокуратура хабарламасында.

Бұған дейін Астанада 18 талапкерді оқуға түсіремін деп алдап кеткен жоғары оқу орнының қызметкерлеріне қатысты сот үкімі шыққан болатын. Әр азаматтан 900 мыңға дейін ақша жымқырған қызметкер 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

https://egemen.kz/

Подписывайтесь на наши соцсети и будьте в курсе всех событий!

Читайте также

Подписаться
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите