Риелторға тапсырыс болмаса, комиссия да болмауы тиіс

Риелторға тапсырыс болмаса, комиссия да болмауы тиіс

фото: www.lada.kz

       Жылжымайтын мүлік нарығында риелтор қызметіне қатысты жаңа талаптар енгізілуі мүмкін. Басты өзгерістердің бірі – делдалдың қызметіне жүгінбеген азаматтардан ақы талап етуге тосқауыл қою.

       Қазақстанда риелторлық қызметті реттеу мәселесі қайта қаралып жатыр. Сауда және интеграция министрлігі депутаттармен және кәсіби қауымдастық өкілдерімен бірлесіп, саладағы тәртіпті жүйелеуге бағытталған ұсыныстар әзірлеуде. Басты мақсат – тұрғындардың тұтынушылық құқығын қорғау, қызмет көрсету сапасын арттыру және жылжымайтын мүлікке қатысты мәмілелердің ашықтығын қамтамасыз ету.

       Ұсыныстардың бірі – риелтор мен клиент арасындағы келісімшарт талаптарын нақтылау. Құжатта маманның қандай міндет атқаратыны, қызмет ақысының көлемі, комиссияны төлеу тәртібі және тараптардың жауапкершілігі анық көрсетілуі керек. Сонымен бірге риелтордың көмегіне жүгінбеген, онымен қызмет көрсету жөнінде келісім жасамаған азаматтан комиссия талап етуге шектеу қою көзделіп отыр. Бұл – азаматтардың негізсіз шығынға ұшырамауына бағытталған маңызды қадам.

       Бұдан бөлек, риелторлардың кәсіби біліктілігіне, қызмет әдебіне және жұмыс сапасына қойылатын талаптарды күшейту мәселесі қарастырылуда. Саланы өзін-өзі реттеу жүйесін дамыту, мамандардың біліктілігін растау және тұтынушылардың шағымдарын қарау тетіктерін енгізу де ұсынылған. Егер бастамалар заңнамалық тұрғыда бекітілсе, риелторлық қызмет нарығында жауапкершілік артып, азаматтардың құқығын қорғауға мүмкіндік кеңеюі мүмкін.

Подписывайтесь на наши соцсети и будьте в курсе всех событий!

Читайте также

Подписаться
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите