фото: enkingint.org
Стандарттау саласындағы қызықты деректер
- Бүгінгі таңда қоршаған ортаны қорғау саласындағы ең сұранысқа ие стандарттар (әрқайсысы 25%) ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі саласында.
- Стандарттар машина жасау, энергетика және электротехника, денсаулық сақтау, метрология және басқару процестерінің стандарттары сияқты салаларда сұранысқа ие.
- 1946 жылы 17 қазанда Лондонда ұлттық стандарттау ұйымдарының конференциясы ашылды. 25 елден 65 делегат қатысқан конференцияда стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым құру туралы шешім қабылданды.
- 1970 жылы ISO Президенті Фарук Сунтер мырза (Түркия) 14 қазанда бүкіл әлемдік экономика үшін стандарттаудың маңыздылығын атап өту үшін Дүниежүзілік стандарттар күнін (World Standards Day) атап өтуді ұсынды.
- ISO стандарттарды әзірлейтін 162 ұлттық деңгейдегі ұйымды қамтиды. Халықаралық стандарттау ұйымының ережелеріне сәйкес, бір елден бір ғана ұйым мүшелікке өтініш бере алады – ол коммерциялық немесе мемлекеттік болсын маңызды емес.
- Осы уақытқа дейін шығарған 21 478 ISO стандарттар мен құжаттардың ішінде ISO 3103 шай қайнату стандарты бар.
- ISO 8601 стандартының арқасында бүкіләлемдік мезгіл мен уақыт қоюдың бірыңғай форматы тарады. Осының арқасында біз шетелде жүрсек те уақыт айырмашылығын айыру арқылы уақытымызды үнемдейміз.
- Барлық шығарылған ISO стандарттарының көпшілігі өндіріс пен экономиканың нақты қолданбалы қажеттіліктеріне қызмет ететін құжаттар болып табылады. ISO деректері бойынша олардың 27,3%-ы машина жасау технологиясына, 21,8%-ы материалтану саласына, 17,7%-ы ақпараттық технологияларға, электроникаға және телекоммуникацияға арналған.
- ISO халықаралық стандарттауда ДСҰ, Дүниежүзілік банк, БҰҰ сияқты бірқатар халықаралық құрылымдар ынтымақтастығымен нығайтылған экскюзивті мәртебеге ие болды.Бұл байланыстар желісі бүкіл әлемдегі стандарттарды дәл ISO стандарттарына сәйкес үйлестіруді бағдарламайды.
Ең танымал халықаралық ISO стандарттары, соның ішінде менеджмент жүйесінің стандарттары:
- ISO 9001 – сапа менеджменті жүйесі - сіздің өнімдеріңіз бен қызметтеріңіз тұтынушылардың қажеттіліктеріне сәйкес келетініне сендіреді;
- ISO 27000 – ақпараттық қауіпсіздік менеджменті - сізге осы стандарттар сериясын қолдану арқылы ақпараттық қауіпсіздікке кепілдік береді;
- ISO 45001– еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы - жұмыс орныңыздағы тәуекелдерді азайтуға және қауіпсіз жұмыс ортасын қамтамасыз етуге көмектеседі;
- ISO 14001 – қоршаған ортаны басқару менеджменті - осы стандарттар сериясын енгізу арқылы экологиялық көрсеткіштерді жақсартады;
- ISO 26001 – әлеуметтік жауапкершілік - ұйымыңызға әлеуметтік жауапкершілік деңгейін арттыруға көмектеседі;
- ISO 31000 – тәуекелдерді басқару - Сіздің компанияңыздың көрсеткіштеріне теріс әсер етуі мүмкін тәуекелдерді басқаруға көмектеседі;
- ISO 37001– сыбайлас жемқорлыққа қарсы басқару жүйесі - парақорлықтың алдын алуға, анықтауға және жоюға көмектеседі;
- ISO 50001 – энергия менеджменті – энергияны басқару көрсеткіштерін арттыруға қабілетті.
Осы мәселелерде құзыреттілікті арттыру мақсатында біз сіздер үшін аталған менеджмент тақырыптары бойынша семинарлар дайындадық.\
Бұл семинарлар кімге арналған?
Семинарлар ұйымның стратегиялық шешімі қажет болған кезде сапа менеджменті, қоршаған ортаны басқаруды , еңбек қауіпсіздігі менденсаулықты және басқа да салаларды құруға арналған. Ұйымның сапа менеджменті жүйесін әзірлеуге және енгізуге мыналар әсер етеді:
- бизнес ортасы және осы ортаға байланысты өзгерістер немесе тәуекелдер;
- қажеттіліктердің өзгеруі;
- нақты мақсаттар;
- шығарылатын өнім (қызметтер);
- қолданылатын процестер;
- ұйымның мөлшері мен құрылымы.
Сапа менеджменті жүйесі оның құрылымының немесе құжаттамасының біркелкілігін білдірмейді, ал талаптар өнімге (қызметтерге) қойылатын талаптарға қосымша болып табылады.
Сіздер үшін сабақтарды біздің жоғары кәсіби мамандарымыз – семинарлар мен тренингтердің жетекшілері, консультанттар, техникалық реттеудің қазақстандық жүйесінде, сондай-ақ AFNOR (Франция), EOQ халықаралық ұйымдарында тіркелген сарапшы-аудиторлар жүргізеді.Ақпаратқа қызығушылық танытсаңыз және ұйымыңызды алға жылжытқыңыз келсе, мына сілтемедегі ұсынысқа назар аударыңыз: https://education.standard.kz/
Людмила Циновкина, кеңесші, ISO 9001:2015, ISO 14001:2015, ISO 45001:2018, Еуропалық сапа менеджменті қоры (EFQM)менеджмент жүйелері бойынша семинарлар мен тренингтердің жетекшісі.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через