Қазақстанда жылқы шаруашылығы институты құрылады

Қазақстанда жылқы шаруашылығы институты құрылады
фото: https://pixabay.com/ru/

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жылқы шаруашылығы институтын құруды тапсырды.

Бүгін ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында мемлекет басшысы жылқы саны үздіксіз өсіп келе жатқанын, бірақ асыл тұқымды жылқының үлесі бір пайызға да жетпейтінін ерекше атап өтті. Ресми мәліметк сәйкес, 4,2 миллион жылқының 40 мыңы ғана асыл тұқымды. Сондықтан мал тұқымын асылдандыру жұмысына баса мән берген жөн.

"Биыл қазақ жылқысының тұқымын сақтау және көбейту үшін арнайы заң қабылдадық. Енді бұл бағытта тағы бір маңызды қадам жасаймыз. Мен Үкіметке Жылқы шаруашылығы институтын құруды тапсырамын. Білікті мамандар мұны көптен бері айтып жүр. Құзырлы органдар қысқа мерзім ішінде осы мәселені пысықтап, қаржы көздерін нақтылауы керек", - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қостанай жылқысының жоғалып кетудің аз-ақ алдында тұрғанын да жеткізді. Бүгінде небәрі 280 бас қалды.

ҚазАқпарат