Денсаулық сақтау министрлігі 2 тоннадан астам өнімді сатылымнан алып тастады

Денсаулық сақтау министрлігі 2 тоннадан астам өнімді сатылымнан алып тастады
фото: https://pixabay.com/ru/

Денсаулық сақтау министрлігі 2 тоннадан астам өнімді сатылымнан шығарды. Бұл 5 мың сынамаға бақыланған сатып алу және санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу нәтижесінде орындалды.

Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті тексерілген өнімнің 35%-ы Бірыңғай санитарлық талаптар мен ЕАЭО техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтінін анықтады.

“Республика аумағында таратылатын өнімдердің қауіпсіздігіне сараптама жүргізу нәтижесінде 439 жедел әрекет ету шарасы қабылданып, халықтың денсаулығына қауіп төндіретін 2 тоннадан астам өнім сатылымнан шығарылды. Ауыл шаруашылығы министрлігімен ынтымақтастық аясында импорттық өнім өндіретін 34 кәсіпорынға қатысты күшейтілген зертханалық бақылау енгізілді”, - деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Техникалық реттеу жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп 2023-2024 жылдары сүт өнімдері, құс еті және парфюмериялық-косметикалық өнімдердің сәйкестігі туралы 200 декларацияның әрекеті тоқтатылды және жойылды, деп хабарлады ведомстводағылар.

Сараптаманы өткізу үшін облыстық және аудандық деңгейдегі Ұлттық сараптама орталығының аккредиттелген 84 зертханасы бар.

ҚазАқпарат