Ою-өрнекпен көмкерілген киімдерге сұраныс жоғары. Отандық сән әлемінде осындай тренд пайда болды. Ұлттық киіміміз сандықтан тек наурызда шығады деген пікір айтылатын. Бірақ, қазір олай емес. Ою - өрнекпен көмкерілген киімдерге бүгінде сұраныс жоғары.
Жансая Қыдырәлі, дизайнер: - Көбінде мына жасөспірімдерден бастап, орта жастағы қыз келіншектердің барлығы қызығады.Оның ішінде 18 жас және 35-40 жас аралығында азаматтар мен азаматшалар. Біздің командамыздағы мақсат, тек наурызда ғана киюге арналған немесе бір ұлттық мейрамымызда ғана киетін киім емес, жыл 12 ай өзіміздің ұлттық нақыштағы бір деталь болсын, бір өрнек болсын ол біздің бойымыздан табылса деген мақсатпен біз оны қолға алдық.
Шапан, қамзол, тақия емес қазір ою-өрнекті заманауи киімдерден де табуға болады. Мәселен, кәдімгі қалпақтың өзі,, ұлттық нақышта тігіледі. Яғни дизайнер ескі мен жаңаны ұштастырып отыр.
Жансая Қыдырәлі, дизайнер: - Басында қызуғышылық өзімнің тарапымнан басталды, ерекше кепка кигім келді, одан кейін барып өзім тағып көргеннен кейін, жан жақтан сұранысын байқадым. Менің өзіме таныстарым жаза бастады. Бізге де жасап берші, бізде киейікші. Сол кезде біз біртіндеп, кәсіби түрде айналысуға бел будым.
Ескіміз жаңарып, ел ішіне оралды. Бұған дәлел жаңа үлгідегі бас киім. Қазір көшеде шолпылы тақия киген қыздар көбейді. Тек тақия емес,,, дизайнерлер,,, корсеттің өзін ою-өрнекпен көркемдеп жіберген. Яғни қоғамда жаңа тренд пайда болды.
Ұланай Сабанбаева, тігінші: - Мен осы ісімді ең бірінші жастар талабына сай тақиямен бастаған болатынмын, тақияларды алдым әр түсті и өз ойымнан дизайн ойлап таптым. Дизайн ойлап тауып, осындай әшекейлерді қойып, тігіп өзімнің инста парақшама жариялаған болатынмын, сол кезде барлық жастардан сұраныс көп бола бастады, одан кейін корсетке өттім. Бұл сұранысқа ие болғаннан кейін, біз тағы нәрселер қосқымыз келді, осы қазақи нақышта, біздің корсеттер. Бұны біз өзіміз қазақша белбеу деп айттық, қазақи нақышта болғаннан кейін және бұл кішкентай балаларға арналған, кішкентай балаларға арнайы істедік.
Соңғы 2 жылда ұлттық нақыштағы киімдерге сұраныс артты. Ою-өрнек кең тарап жатыр. Осылайша жаңа стиль - ұлттық киімге жаңа леп берді.
Дереккөз 24.kz. Фото dressya.ru.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через