фото: https://stan.kz/
Ұқсас мақалалар
Huawei Қазақстанда ІТ мамандарды дайындауға өз үлесін қалай қосып отыр
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауына сәйкес 2025 жылға қарай 100 мың қазақстандық ІТ маман дайындалуы тиіс.
Білім беру инфрақұрылымын жаңарту және отандық кадрларды қолдау қажеттілігін бүгінгі таңда отандық АКТ- индустриясының озық өкілдері де қолдап отыр. Президенттің талантты мамандарды оқыту жөніндегі стратегиясы шеңберінде Huawei Technologies Kazakhstan компаниясы техникалық мамандықтағы студенттерді дайындау үшін бүкіл ел бойынша АКТ-академиялары желісін дамыту үстінде. Компания қызметінің бұл бағыты Huawei-дің 2023 жылға дейін инфокоммуникация саласындағы 700 мыңнан астам маманды дайындау жөніндегі жаһандық даму бағытымен қиысады.
Бұл деректермен Huawei Technologies Kazakhstan компаниясының спикерлері Нұр-Сұлтан қаласында өткен "Адами капитал – Жаңа Қазақстанның дамуының негізгі ресурсы" атты 2022 Ғылым және жоғары білім форумы шеңберінде бөлісті. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі, ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті және "Ғылым қоры" АҚ ұйымдастырды. Форумның мақсаты ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жобаларды өндіріске енгізу әлеуетін біріктіруді, сонымен қатар жоғары технологиялық қоғамды дамыту үшін оқу орындарының, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпкерлік қауымдастық арасындағы ынтымақтастықты ынталандыруды көздейді.
"Huawei компаниясы оқу орны мен АКТ-саласы арасындағы алтын "көпірге" айналды. Біздің мақсатымыз – білімдегі алшақтықтардың орнын толтыру үшін академиялық топтармен жұмыс істеу. Біздің университеттердегі АКТ академиялары студенттерге Huawei-дің халықаралық сертификатын алуға және тәжірибелік дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді, болашақта бұл жұмысқа тұруға көмектеседі, – деді Huawei Technologies Kazakhstan бас директоры аппаратының басшысы Фарида Толеубаева. – Біз талантты студенттерге осында, Қазақстанда қалуға, болашақта еліміздің ІТ-индустриясын дамыту үшін халықаралық білім мен тәжірибе жинауға көмектесеміз".
Қазақстан Республикасының 2050 жылға қарай әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына енуі жөніндегі стратегиялық мақсаты – елден өте жоғары бәсекелестікті талап етеді. Ғылымға негізделген экономиканы құру және адами капиталды қолдау қажеттілігі бәсекеге қабілеттіліктің, мемлекеттің экономикалық өсімі мен тиімділігінің іргетасы. Дүниежүзілік экономикалық форумның есебіне сәйкес дәл шығармашылық және өнімді жұмыс күші өзге ресурстармен салыстырғанда ұлттың ұзақ мерзімді экономикалық табысына ең ауқымды үлес қосады.
Шетелдік білім мен мүмкіндіктерді пайдалану және кейіннен дамып отырған салаларды жан-жақты зерттеу үшін әлемдік санаттағы білім және ғылыми-зерттеу институттарын құру дамыған елдер ұстанған стратегиялардың басты табысқа жету факторына айналды. Қазақстанда бұл тәжірибе Huawei Technologies Kazakhstan компаниясы ұсынатын АКТ-таланттарды қолдау мен дамыту жөніндегі халықаралық бастамалар базасында жүзеге асырылады. Бағдарламалар студенттердің компанияның технологиялары мен инфокоммуникациялық өнімдеріне қол жеткізуіне және Huawei-де оқу мен оның сертификатын алу мүмкіндігін береді.
"Біз профессорлық-оқытушылық құрамның зияткерлік әлеуетін жоғары бағалаймыз. Олардың күшімен ғылыми зерттемелерді коммерцияландыру, өндірістік және бизнес процестерге ғылыми технологияларды енгізу тұрғысынан қосымша қаржыландыру тартылады. Бүгінгі таңда біз семинар шеңберінде олардың ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы әлеуетін көріп отырмыз" – деп атап өтті Ғылым комитетінің төрағасы Әділет Тойбаев.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через