Екі ғасырлық тарихы бар "Пиноккио" қазақ тілінде

Екі ғасырлық тарихы бар "Пиноккио" қазақ тілінде

фото: www.labirint.ru

       Италиялық көрнекті қаламгер Карло Коллодидің туғанына 200 жыл толуына орай, оның әлемге әйгілі шығармасы ана тілімізге тәржімаланды. Кітапты түпнұсқадан Абылай Сұлтан аударса, басылымды «Степ энд Уорлд» баспасы жарыққа шығарған. Осыған орай елордада жаңа кітаптың таныстырылымы өтіп, басқосуға Қазақстан мен Италияның әдебиет өкілдері, зиялы қауым мүшелері мен оқырмандар қатысты.

       Бір қарағанда, ағаштан жасалған қуыршақтың таңғажайып оқиғалары баяндалатын ертегі секілді көрінгенімен, шығарманың көтерер жүгі әлдеқайда терең. Пиноккионың шынайы адамға айналуға деген талпынысы арқылы адалдық, мейірім, жауапкершілік пен адамгершілік секілді асыл қасиеттер дәріптеледі.

       Қазақ тіліне аударылған бұл басылым – әлем әдебиетінің көрнекті үлгісін жас оқырманға ана тілінде танытудың маңызды қадамы. Сонымен қатар ол әр ұрпаққа ортақ адамдық құндылықтардың уақыт пен кеңістікке бағынбайтынын тағы бір мәрте аңғартады. Араға ғасырлар салып, жаңа тілде сөйлеген Пиноккио енді қазақ балаларының да сүйікті әдеби кейіпкерлерінің қатарына қосылмақ.

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!

Сондай-ақ оқыңыз

Жазылу
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз