Елордада «Мәңгілік бала бейне» спектакль-кітабының тұсаукесері өтті

Елордада «Мәңгілік бала бейне» спектакль-кітабының тұсаукесері өтті

фото: 24.kz

       Белгілі драматург Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» шығармасы араға 30 жыл салып, жаңа форматта оқырманға жол тартты.

       Астанада пьесаның қазақ және ағылшын тілдеріндегі «спектакль-кітап» нұсқасының тұсаукесері өтті. «Arman-PV» баспасынан жарық көрген басылымның ерекшелігі – шығарма мәтіні көркем графикалық иллюстрациялармен толықтырылған. Суретші Алмас Сырғабаев кейіпкерлердің болмысын ақ және қара графика арқылы бейнелеп, туындының эмоциялық әсерін тереңдете түскен. Семей ядролық полигонының зардабын Ләйлә тағдыры арқылы жеткізетін пьесада адамзатқа ортақ қасірет, өмірге құштарлық пен ұрпақ алдындағы жауапкершілік мәселелері қозғалды. Айта кетерлігі, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында пьеса Біріккен Ұлттар Ұйымының алты ресми тіліне аударылды. Ал ағылшын тіліндегі нұсқасы Нобель сыйлығы музейінің қорына қойылған Қазақстанның 14 кітабының қатарына енді. 

Роза Мұқанова Жазушы, драматург:

 – Спектакль-кітаптың ерекшелігі – шығармадағы кейіпкерлердің графикалық суретпен салынған бейнелері. Оқырман көріп отырған кезде әр кейіпкерді көре алады: сатираны да, шөкішті де, құмарды да, және әр кейіпкердің образы ашылған. Бұл кітаптың шығуына үлкен үлес қосқан біздегі көрнекті суретші – Алмас Сырғабаев. Алмас Сырғабаевтың еңбегін айту ләзім деп ойлаймын. Бүгінгі спектакль-кітапта да бұл тек қана автордың ғана еңбегі емес, бұл жерде баспаның, бұл жерде суретшінің еңбектерін айту ләзім.

https://24.kz/kz

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!

Сондай-ақ оқыңыз

Жазылу
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз