Алатаудағы Ертіс мұрасы: тарих пен тағылым

Алатаудағы Ертіс мұрасы: тарих пен тағылым

фото: www.instagram.com

       Алматыдағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Павлодар облыстық Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің ұйымдастыруымен «Ертіс бойының жауһарлары» атты көшпелі көрме мен «Баянтаудан Алатауға: рух сабақтастығы» тақырыбында республикалық ғылыми-мәдени конференция өтті.

       Көшпелі көрмеге Ертіс-Баян өңірінен шыққан көрнекті тұлғалардың өмірі мен шығармашылығына қатысты құнды жәдігерлер қойылған. Олардың арасында Абай Құнанбайұлының алғашқы жыр кітабы, Мәшһүр Жүсіптің тұмары, Шәкен Аймановтың «Алдаркөсе» фильмінде киген бөркі және қазақтың бірқатар белгілі ақын-жазушылары мен өнер қайраткерлерінің жеке заттары бар. Сондай-ақ музей қорындағы тарихи мұралар мен тұлғалар өмірін зерттеуге арналған басылымдар да көпшілік назарына ұсынылуда.

       Ал республикалық конференция аясында «Қартқожа Тоғанбаев» және «Күретамыр» атты қос жаңа кітаптың тұсауы кесілуде. Алғашқы басылым Алаш қайраткері Қартқожа Тоғанбаевтың өмірі мен қызметіне арналса, екінші кітапта Кәукен Кенжетаевтың әкесі, халық мұрасын жинаушы Кенжетай Аймановтың әдеби шығармалары мен фольклорлық жазбалары топтастырылған. Ғылыми жиынға елімізге белгілі ғалымдар, өнер және әдебиет өкілдері мен тарихи тұлғалардың ұрпақтары қатысты.

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!

Сондай-ақ оқыңыз

Жазылу
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз