Алматыда шығыс өңірінің жәрмеңкесі өтеді

Алматыда шығыс өңірінің жәрмеңкесі өтеді

фото: stan.kz

       Шығыс Қазақстанның шаруалары мен өндірушілері Алматыға мол олжа ала келмек. 14–15 қараша күндері қалада шығыс өңірінің ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылатын жәрмеңке ұйымдастырылады. Сауда алаңы Шевченко көшесінің бойында, Пушкин мен Қонаев көшелерінің аралығында орналасады. Бұл жолы өңірден 150 тоннадан астам азық-түлік жеткізу көзделген.

       Жәрмеңке сөрелерінен ет пен сүт өнімдерін, балық, бал, күнбағыс майын, шұжық түрлерін, шай мен самырсын жаңғағын кездестіруге болады. Ең бастысы, өнімдер делдалсыз, тікелей шаруалардың өзінен ұсынылады. Осыған байланысты тауар құны қалыптасқан нарық бағасынан 8–15 пайызға төмен болады деп күтілуде.

       Ауыл еңбеккерлерінің өнімін қала тұтынушысына тікелей жеткізетін мұндай сауда алаңдары екі тарапқа да тиімді. Бірі сапалы азық-түлікті қолжетімді бағамен алуға мүмкіндік тапса, екіншісі өз еңбегінің жемісін делдалсыз ұсынуға жол ашады. Ендеше, алматылықтар үшін алдағы демалыс күндері шығыс өңірінің берекелі жәрмеңкесіне бас сұғуға жақсы мүмкіндік туып отыр.

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!

Сондай-ақ оқыңыз

Жазылу
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз