6 қазан OMIR INNOVATION UNIVERSITY университетінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің жұмыс сапары өтеді. Сапар барысында министрге оқу орнының білім беру, ғылыми және инновациялық әлеуеті, заманауи инфрақұрылымы таныстырылады. Сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамымен және студенттермен жүздесу жоспарланған.
Бағдарлама аясында министр университеттің әскери кафедрасын аралап, оқу кабинеттері, аудиториялар, парад алаңы және әскери дайындыққа арналған қару-жарақ үлгілерімен танысады. Бұдан бөлек, Студенттер үйіне барып, білім алушылардың тұруы мен тұрмысына жасалған жағдайларды көреді. Одан әрі MIA инновациялық білім беру орталығы мен OIU HUB университеттік инновациялар орталығының тыныс-тіршілігіне назар аударады.
Бұл кеңістіктерде білім мен ғылымды ұштастырған бірқатар заманауи құрылым жұмыс істейді. Атап айтқанда, қазақ детектив жанрының негізін қалаушы Кемел Тоқаев атындағы білім беру және ғылым орталығы, сот сараптамасы мен медициналық зерттеулерге арналған оқу зертханасы, заңгерлік көмек көрсету клиникасы, психологиялық тынығу бөлмесі, жасанды интеллект зертханасы, кітап оқу кеңістігі және инновациялық кездесулер залы таныстырылады.
Жұмыс сапарының маңызды кезеңдерінің бірі – министрдің университет ұжымымен және студенттермен кездесуі. Онда білім сапасын арттыру, ғылым мен инновацияны өркендету, заманауи білім беру ортасын қалыптастыру мәселелері сөз болады. Сонымен қатар оқу орнының жаңа атауы – OMIR INNOVATION UNIVERSITY университетінде көпшілікке салтанатты түрде таныстырылады. Бұл атау университеттің білім мен ғылымды, технология мен жаңашылдықты сабақтастыра отырып, дамудың жаңа белесіне қадам басуға деген ұмтылысын айқындайды.