фото: Stan.kz
«QAZAQ OXFORD DICTIONARY» деп аталатын еңбек 1 300 беттен тұрады. Қазақ-ағылшын және ағылшын-қазақ тіліндегі сөздікті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Қазақ тілі» қоғамы дайындаған. Басылым әйгілі Oxford университетінің заманауи технологиясы негізінде әзірленді. Яғни әр сөздің аудармасы нақты берілген. Қазақ пен ағылшынның 50 шақты маманы 4 жыл бойы екі тілдің лексикасын терең зерттеп, оған Oxford мамандары пікір білдірген. Бүгінде сөздік 10 мың данамен басылып шықты. Еңбек елдегі барлық жоғары оқу орнына және ұлттық, қоғамдық кітапханаларға жеткізілді. Сондай-ақ ерекше басылымды кітап сататын дүкендер желісінен де алуға болады.
Нұртөре Жүсіп, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Қазақтың тіл білімі тарихында мұндай ірі көлемде жасалған сөздік болған жоқ. Бұған дейін орысша-қазақша сөздіктер болды. Фразеологиялық, орфографиялық, орфоэпиялық кеңестік кезеңде шыққанын білеміз. Ал мынадай көлемде жинақталған толайым еңбек тіл білімі тарихында болған жоқ деп айтуға болады.
Рауан Кенжеханұлы, «Қазақ тілі» қоғамының президенті:
- Бұл сөздік ағылшын тілін оқитын қазақ тілді ортаға немесе қазақ тілін оқитын, зерттейтін өзге тілді ортаға арналған, кең ауқымды аудиторияға бағытталған алғашқы үлкен сөздік. Бұл еңбектің ерекшелігі сол алғаш рет қазақша-ағылшынша, ағылшынша-қазақша бөлігінде 60 мың сөз қамтылып отыр. Соның негізінде 500 млн астам сөз тіркесі және осы әр сөз бен ұғымның қолданысын сипаттайтын мысалдар мен одан кейін сол Oxford-тың жинақтаған тәжірибесі негізінде олар қолдануға ыңғайлы ықшам етіп берілуімен жасалып отырған алғашқы үлгі.
Ақпарат дереккөзі: www.24.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через